Бүгін: 02.06.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Жас мұраты, білім, тәлім-талабы...       

Өнер, оқу-жастың қару-жарағы

І.Жансүгіров

Көбіміз өмірде табысты болғымыз келеді, қандай бір мақтан тұтарлық жетістікке жетсек дейміз. Теледидардан, газет және кітаптардан көрген-білген табысты адамдарға қарап қызығамыз.  21-ғасырдағы ақпараттық технологияның арқасында қолымызды созсақ әлемдегі барлық болып жатқан маңызды оқиғалардан хабардар бола аламыз, және қалаған информациямызды лезде таба аламыз. Бұл технология заманында барлық нәрселер өзгеріп, бұрыңғысынан танылмас халге жетсе де, табысқа жету формуласы әрқашан қалпынша қалмақ.

Әрине, әрбір адамның өзіндік ерекшелігі болғаны сияқты, әрбірінің табыс сөзін жорамалдау тәсілдері де әрқалай. Яғни, біреулер үшін табысқа жету мол ақшалы болу болса, кейбіреулер үшін  білімді болу,  немесе басқаларға көмек көрсету болып табылмақ.  Білім адамның өзіне де, айналасындағылардың да бақытына әкелетін дұрыс өмірдің негізі болып табылады. Бақытты өмір сүру үшін қажетті білімді ала отырып, адам өзінің табиғатын, қалауын, бейімділігін жүзеге асыруға және белсенді өмір салтын сақтай отырып, толық қанағаттануды сезінуге мүмкіндік алады. Кез-келген оң нәтиже белгілі бір жағдайларды талап етеді және адамның өмірін ұйымдастыру үшін дұрыс өмір сүрудің негізі ретінде білім қажет.

Біздің заманауи компьютерленген әлемде білімсіз өте қиын. Әлем бір орында тұрмайды алға қарай жеті адым артық қадам басып келеді. Барлық бағытта табысты болу үшін білім қажет. Барлығын білу мүмкін емес. Бірақ адам өмір бойы бір нәрсені білуге, білімін кеңейтуге тырысатыны анық. Біздің біліміміз елге пайдалы болатынына сенімдіміз. Білімге жету оңай емес. Кейде кедергілер туындайды: мәселені шешу, бір нәрсені үйрену, қажетті кітапты табу қиын, оқуға деген ықылас жоқ... бірақ бұл қиындықтарды жеңуге болады. Ең бастысы білімді - жинау және  жұмыс істеу, өйткені соңында сіз құнды жемістер жинайсыз. Біздің біліміміз - табысқа апаратын жол.  «Заманың түлкі болса – тазы боп шал» деген мақалдың дәл осы заманға сай келгеніне таң қалмаимын.

Біздің  №3 кітапхана бөлімінде қай салаға болсада қажетті кітаптар бар: Ф.Н Жумабекованың «Мектепке дейінгі педагогика» ,               « Әлемдік педагогогикалық ой – сана»,  «Макраэкономика», М.К.Интыкбаев «Правовая статистика», К.Т.Тайгашинова «Управленческий  учет» т.б.  Қызығушылықтарыңыз болса келіп алып оқуларыңызға, болады. Білімдеріңізді артыруға көп көмегі тиетініне шүбәм жоқ.Қажетті білімнің бәрін  кітаптан табуға болады. «Кітап - білім бұлағы» деп атам қазақ  бекер айтпас. Қай заманда болсада кітап оқып білімді болу алғашқы қатарда. Білімді болу қай жаста болса да кеш емес, өмір бойы ізденісте болып қатарластарымыздан  қалмай, заманауи болу керек. Білімді, табысты болайық.

А.Мусина

№3 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы