Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ӘЙЕЛ МЕН ЕР – ОТБАСЫНЫҢ ҚОС ҚАНАТЫ. ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТІРШІЛІГІНДЕ «ТҮЗ – ЕРДІКІ, ҮЙ – ӘЙЕЛДІКІ» ДЕЙДІ. ҮЙДЕ ЖЫЛУЛЫҚ БОЛСА, ТҮЗДЕ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ. ӨМІРГЕ ӘЙЕЛ БОЛЫП КЕЛГЕННЕН КЕЙІН ОТБАСЫН ҚҰРЫП, АЯУЛЫ АНА АТАНУ МІНДЕТ. ҚЫЗ-КЕЛІНШЕК, ӘЙЕЛ-АНА, ӘЖЕ-КЕЙУАНА ТАҒЫЛЫМЫ ӨШПЕС ІЗ. БҰЛ ӘЙЕЛ ҚАУЫМЫНЫҢ ЗОР ҚҰРМЕТІ. АНА - БАРЛЫҚ ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ. ДЕМОГРАФИЯНЫҢ ӨСІМ АЛУЫНА ОСЫ ЖАНДАРДЫҢ ҚОСАР ҮЛЕСІ МОЛ.

Ел демографиясына үлес қосқан көп балалы аналарға Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 421 Жарлығына сәйкес «Күміс алқа» төсбелгісі табысталады.

Осыған орай, 13 шілдеде Саран қаласының әкімі Ержан Темирханов өз шаңырағының ұйытқысы, берекесі болып отырған, халық санын көбейтуде ерекше үлес қосқаны үшін Ақтастық көп балалы ана Дарья Мордашоваға салтанатты түрде «Күміс алқа» төсбелгісін табыс етті.

– Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы-баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Сізге мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыңыздың ұйытқысы болып, бала-шағаңыздың қызығын көріңіз, – деді қала әкімі Ержан Оралұлы төсбелгіні табыстау сәтінде.

Көп балалы ана Дарья Петровна 6 бірдей баланың анасы. Бес қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. Үлкен балалары Ақтас кентіндегі жалпы білім беретін мектепте оқиды. Ал ең кішісі Галина қазір 3 жаста.

- Менің алты балам бар, ең үлкені қызым Алина 10 сыныпқа көшті. Мемлекеттен осындай сыйлық алу мен үшін керемет жақсы бір сыйлық қой. Онсыз да мемлекет тарапынан көп көмек беріледі. Мен ойлаған жоқпын күміс алқа аламын деп. Қатты қуаныштымын, - дейді Дарья Петровна.

Отбасы – ұлағат ұясы демекші, Дарья Мордашованың отбасына амандық, деніне саулық тілейміз.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген Камила ОСПАНОВА