Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Электрондық түрде алынған мемлекеттік қызметтер үлесін арттыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізу мақсатында ең басым бағыттардың бірі әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызметтерді eGov порталы арқылы проактивті және электронды түрде, мобильді қосымшалар арқылы көрсетуге көшу болып табылады.

Бүгінгі күні әлеуметтік-еңбек саласындағы 10 мемлекеттік қызмет eGov порталы арқылы электрондық форматта көрсетіледі:

-  Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;

- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

-  Баланың тууына және оны күтуі бойынша жәрдемақы тағайындау;

- Мүгедектігі бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

- Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау;

- Жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау;

- Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

- Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;

- Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау;

- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау.

Порталдың көмегімен аталған жәрдемақыны ХҚКО бармай-ақ онлайн ресімдеуге болады. Бұл ретте Интернетке, банктік шотқа, ЭЦҚ-ға қол жеткізудің және мобильді азаматтар базасында тіркелудің маңызы зор.

Л. Югай,

Саран қ. әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімі бастығының м.а.