Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен бастап мемлекеттің басты міндеті халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру болып табылады. Бұл үшін Үкімет реформалар жүргізуде, заңнаманы жетілдіруде, түрлі жобаларды инвестициялауда және т.б. Алайда оның барлық бастамалары азаматтық қоғам тарапынан қолдау мен түсіністікке ие бола бермейді.
Оның негізгі себебі қоғам мен мемлекет арасында тиісті деңгейде ашық диалогтың болмауы. Қабылданатын мемлекеттік шешімдер әрдайым кеңінен түсіндіріле бермейді. Сондай-ақ, мемлекет әрқашан халықтың пікірі мен тілегін тыңдамайды және ести бермейді. Мұның бәрі реформалардың сәтсіздігіне әкеліп соғады, халықтың билікке деген сенімсіздігін тудырады.
Сонымен қатар, жұртшылықты толғандыратын маңызды мәселелер сындарлы азаматтық диалог шеңберінде талқылануы және өз шешімін табуы тиіс, ол өзгелерді, соның ішінде балама пікірлерді тыңдауға және дұрыс шешімдер табуға мүмкіндік береді.
Қазақстан президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу туралы жариялады, оның міндеті-мемлекеттік аппараттың халықпен және бизнеспен коммуникациясының тиімді жүйесін құру, өйткені «халық үніне құлақ асатын мемлекет» халықтың қолдауы мен сеніміне ие бола отырып, өз саясатын тиімді іске асыру мүмкіндігіне ие болады.
Мемлекет тарапынан қоғаммен байланыс орнатуға арналған платформа қазірдің өзінде құрылғанын, халықпен кері байланыстың көптеген арналары пайда болғанын, олардың кейбіреулері қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін мойындау керек:
Қызмет көрсету https://eotinish.kz кез келген мемлекеттік органға (әкімдіктерге, агенттіктерге, министрліктерге, комитеттерге) және басқа мекемелерге кезексіз және бюрократиялық кідіріссіз, үйден шықпай-ақ ресми өтініш беруге мүмкіндік береді;
Мемлекеттік органдар бірінші басшыларының блог-платформасы https://dialog.egov.kz ол «Ашық диалог» порталының құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және кез келген азаматқа тікелей әкімге не мемлекеттік органның бірінші басшысына қызықтыратын сұрақты қоюға мүмкіндік береді;
«Ашық НҚА» порталдары – нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылауға арналған платформа және «Ашық бюджеттер» порталдары кез келген әкімдіктің немесе мемлекеттік органның бюджетімен танысуға мүмкіндік береді;
«Ашық деректер» порталы – бұл машинамен оқылатын түрде мемлекеттік органдардың жалпы қол жетімді статистикалық деректері орналастырылатын алаң;
Қызықтыратын сұрақтарды қоюға немесе онлайн режимінде өтініш білдіруге мүмкіндік беретін «Ашық диалог» порталының интернет-конференциялары мен сауалнамалары;
Қазақстанның мемлекеттік органдарының бірыңғай платформадағы Интернет-ресурстары http://gov.kz/;
Мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі шағыммен, ұсыныспен, сұрақпен жүгінуге, қабылдауға жазылуға болатын ресми аккаунттары;
Сенім телефондары және call-орталықтар;
Фронт-офистер;
Мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, әр өңірдің жолдары бюджетіне ашық қолжетімді қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы тәулігіне 24 сағат бойы көрсетілген процестерді бақылау, оларды құжаттамамен салыстырып тексеру және алшақтықтар анықталған жағдайда тиісті фото - және бейнематериалдарды қоса бере отырып, уәкілетті органға хабарлау мүмкіндігімен бірыңғай платформада ұсынылады.
Сонымен қатар, билік пен қоғам арасындағы диалогты дамыту мемлекеттік қызметшілердің ашықтығын ғана емес, сонымен қатар азаматтық қоғамның белсенділігін талап етеді, өйткені мемлекет пен азаматтық қоғамның диалогы - бұл екі жақты қозғалыс жолы.
Барлығы бір-бірімен ортақ тіл табуды үйренуі керек және өте қарапайым нәрселерден бастау керек. Бірінші, аса қажет нәрсе - мемлекеттік органдар қызметіндегі бар кемшіліктер мен жаңсақтықтарды объективті түрде көру, жасалған және қол жеткізілген жетістіктерді объективті және нақты бағалау.
Азаматтар мәселелері туралы айтуға, өздерінің пайымдары мен жағдайдан шығу жолдарын ұсынуға, ал мемлекеттік аппарат қандай да бір шешімдер қабылдаған кезде оларды ескеруге тиіс.
Барлық азаматтарды қабылданатын мемлекеттік шешімдерді талқылауға және мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен мемлекеттік бюджеттің атқарылуы бойынша қоғамдық бақылау жүргізуге белсенді қатысуға және жаңа Қазақстанды құруға өз үлесін қосуға шақырамыз.
Б. Ахметов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының м. а.