Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Мемлекеттік тіл – ұлттық сананың ең басты кілті. Ұлттық сананы қалыптастыру жолында тілдің атқарар ролі өте маңызды. Тілдің мәселесі - ұлттың мәселесі. Мемлекеттік тілді білу – кәсіби талап.

Бүгінгі Мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда.  Біздің Басқармада басшысының бұйрығымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2022-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Осы жоспарға сәйкес қызметте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Басқарма мамандары «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ-де мемлекеттік (А1, А2, В1) және ағылшын тілдерін (А1) үйрету курстарын тәмамдап, сертификаттар алған.  

Мемелекеттік тілде хат алмасудың сандық көрсеткіші едәуір артып келеді,  ішкі құжаттар және шығыс ақпараттар мемлекеттік тілде редакцияланады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмысқа тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Мониторинг қорытындысы бойынша  мемлекеттік тілдегі құжатайналым   -96 %-ды құрап отыр. Осы мәселе Басқарма басшысының аппараттық кеңесінде тұрақты түрде қаралады.  Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік тілде құжаттарды әзірлеу барысында мемлекеттік тілді дамыту мәселелерімен айналысатын маман консультативтік және әдістемелік көмек көрсетеді.

Басқарманың кеңсесінде ақпараттық стендтер, барлық көрнекі ақпараттар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Респуликасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңының талаптарына сәйкес ресімделген.    

Қаламызда тіл саясатын іске асыруға бағытталып өткізілетін іс-шараларға тұрақты түрде қатысып отырамыз.

2022 жылғы 6 сәуірде «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Саран қ. мекемелерінің арасында «Ұлттық ономастика - ел айнасы» атты өткізілген қалалық байқауға қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы  Г.С. Шакенова  және эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы Н.Б. Алтынова қатысып командалық есепте 1 жүлделі орынды иеленді.

Тіл – елдің мәдениетін қалыптастыратын ұйытқы, ұлттық бірліктің негізі, адамның рухани және имандылық қасиеттерінің басты факторы.  Тіл білу халықты, оның тарихын, тұрмысы мен әдеп-ғұрпын және салт- дәстүрлерін терең тануға жол ашады. Басқаларға ұлттық мемлекет ретінде танылғымыз келсе, біз ең алдымен қасиетті ана тілімізді сақтауымыз керек. Тілі жоғалған күні ұлттың өзі де жоғалатыны белгілі. Тілін жоғалтып, артынан өздері ұлт ретінде құрып кеткен халықтар қаншама. Сондықтан мемлекеттік тілді ұлттық идея етіп, сол тілді қолданып, сол тілде сөйлеп, елімізге адал қызмет етейік. Ең бастысы, тілге деген құрмет пен қамқорлық, қолдау көрсетіліп, оны өмірде қолдану мен қорғауды өзімізден бастайық! 

Г. Шакенова,

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасы» РММ-нің қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің басшысы