🦠 20 маусымнан бастап республика бойынша КВИ жұқтыру көрсеткіші арта бастады. 📈 Соңғы екі аптада вирус жұқтырғандар саны 3,2 есеге өсті. 📈 Өткен тәулікте КВИ-дің оң нәтижесімен 2021 жағдай, КВИ-дің теріс нәтижесімен 1 жағдай тіркелді, өлім-жітім тіркелген жоқ. Бағалау матрицасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта, Қазақстан Республикасы және қалған өңірлер жасыл аймақта тұр. Бүгінгі күні инфекциялық төсек-орынмен қамту 30%-ды, реанимациялық төсек-орынмен қамту 7%-ды құрайды. 💉 Қазіргі уақытта 5 млн астам адам ревакциналаудан өтті (ревакциналауға 7 млн 430 мың адам жатады), бұл тиісті контингенттің 68%-ын құрайды. ©️ Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният #Үкімет
Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы⤵️
- 425