Егер Сіз кенеттен сіздің қауіпсіздігіңіз мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз және Сіздің пікіріңізді ескере отырып, қатер төнген адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылса. Қорғау нұсқамасында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленушінің отбасының кәмелетке толмаған және (немесе) әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Егер Сіздер тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыздар, Саран қаласының полиция бөліміне немесе 102 нөміріне қонырау шалып, хабарласуыңызды сұраймыз.
Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ
- 411