Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің халықпен кездесуінің жаңа циклі басталады. Кездесулер бірінші жартыжылдағыдай еркін микрофон форматында өтеді.
– Бірінші жартыжылдықта біз халықпен белсенді кездестік. Көптеген сұрақтар көтерілді, олардың барлығы өзекті. Ауылдық жерлерде жайылымдардың жетіспеушілігі проблема болып табылады. Мал басы өсуде, бұл жақсы көрсеткіш, бірақ жер тапшылығы бар. ТКШ және жолдар саласы бойынша көптеген мәселелер бар, – деді Жеңіс Қасымбек аппараттық кеңесте. – Кездесулерде қойылған барлық сұрақтар бақылауда. Оның басым бөлігі шешілді.
Қарағанды облысында жыл басынан бері барлық деңгейдегі әкімдер 442 кездесу өткізіп, оған 43 мың адам қатысты.
Жеңіс Қасымбек Балқаш пен Приозерск қалаларынан кезекті кездесулерін бастайды, олар 11 тамызға белгіленген.
gov.kz