2022 жылғы 16 наурызда Президент Қасым Жомарт Тоқаев халыққа Жодауын арнап, саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделгені айтылды. Президент Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналатынын алға тартты.
Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.
Сонымен қатар, Жолдауда ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу, Конституциялық сот құру, жаңа әкімшілік-аумақтық облыстар құру, аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді және басқа да бірқатар маңызды реформалар туралы айтылды.
Жаңа саяси және экономикалық реформалар азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарға деген тұрақтылығы мен сенімін нығайтуға бағытталған. Жолдауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған реформалар да айтылды.
Соның бірі – Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің жұмыс ауқымын кеңейтіп, Ұлттық Құрылтай деңгейіне көтеру. Халық болып бірігіп, алқа құрып, ақыл қосуды білдіретін «құрылтай» ұғымы - халқымыз үшін қашан да қастерлі түсінік. Сонымен қатар, Парламенттің Үкіметтің алдындағы есеп беру тетігі күшейеді. Саяси партия құрудың шекті мөлшері тағы да қысқарды. Ендігі жерде партия құру үшін ел аумағында 5000 қол жинаса жеткілікті. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен қатар, мажоритарлы жүйемен сайлау жүйесі енгізіледі. Бұл сөз жоқ, халықтың өзі сайлаған депутаттары арқылы Парламент мінберінен Үкіметке нақты мәселелерін естірту мүмкіндігін кеңейтіп отыр.
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей. Жаңа Қазақстанның негізі саяси және экономикалық реформалардың үйлесіміне негізделуі керек екені баса айтылды. Ел Президенті «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауында тәуелсіздікті сақтау керек екенін атап өтті.
«Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз», – деп атап өтті Президент.
Алмағайып заманда елдігімізді сақтай отырып, Қазақстанды алға бастау – бұл әрбір қазақтың азаматтық парызы. «Қазақстан деген қасиетті ел бізден басқа ешкімге керек емес», – деген Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бір ауыз сөзінің өзінде үлкен астар бар.
Ендігі мақсат – бүкіл ел болып жұмылып, жасампаз жолдауда көтерілген игі бастамаларды іске асыру. Біздің күшіміз – бірлікте!
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ