Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 930 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 173, облыс "жасыл" аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 15 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 158 983 жағдай тіркелді.

Ағымдағы жылдың 15 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 692 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 107 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы. 2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 275 051 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 57,9%-ы. 2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 15 тамыздағы мәліметтер бойынша 31 333 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 63,5%. Вакцинация коронавирустық инфекцияның алдын-алудың ең тиімді әдісі болып табылады, ревакцинация иммунитетті арттырады. Вакцинацияны алу үшін Сіз тұрғылықты жеріңіз бойынша емханаға жүгіне аласыз. Естеріңізде болсын, біз өз денсаулығымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығы үшін жауапкершілікті көрсете отырып, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермейміз.