Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕВРАЗИЯ КЕҢІСТІГІНІҢ ТӨРІНЕН ҚЫЛЫШТЫҢ САБЫ МЕН НАЙЗАНЫҢ ЖҮЗІМЕН АТА-БАБАЛАР ЕРЛІГІМЕН БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ӨЗІНДІК ЕГЕМЕНДІГІН МОЙЫНДАТА АЛҒАН ХАЛЫҚ.

«Патриотизм» – гректің сөзі. Оның қазақшасы – жерлес, отандас дегенді білдіреді, яғни Отанын, ұлтын сүю, оны жаудан қорғау. Болашақ ұрпақтың бойына ұлттық патриотизмді қалыптастыруға негіз болатын қазақтың дәстүрлі қоғамында орныққан құндылықтар қатарына «Отан», «Атамекен», «Ел-жұрт», «Азаматтық парыз», «Қанағатшылдық пен жомарттық» т.б. ұғымдарды жас ұрпаққа сіңіре білген.

Халық даналығындағы «Отан-оттан да ыстық», «Отансыз ер бұралқы итпен тең», «Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде үлтан бол», «Ер өзі үшін туады, елі үшін өледі» деген ердің құнын елдігімен өлшеу ұстанымдары жатыр. Кең даланы мекендеген халық жауласса – найза ұстайтын батыр, дауласса – сөзден жеңілмейтін шешен болған.

Халықтың осы мінезін заманы, өмір сүрген ортасы туғызған, ол жақсы дәстүрге айналып жалғасқан. Сол кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан. Заманауи Қазақстан халқы әрине ата-баба аманатын халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндетін жастарға қажетті екенің түсінеді.

Осыған орай біздің билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те халықтың патриотизмге шынайы қасиетті бүгінгі күнге дейін дамытып  келген. Ендеше, қазақтың ғасырлар бойы жинақтаған осы жақсы дәстүрлерін сақтау керек. Оны жаңарта отырып, негізін бекіту қажет.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм - бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері өз ана тілімен қоса қазақтың тілін білуі тиіс. Әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін-«Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек.

Н. Кернебаева,

Саран Мәдениет үйі «Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі