Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті кеншілер  және  көмір өнеркәсібінің ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Шахтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тамыздың соңғы жексенбісінде біздің кеншілер өлкесі кеншілер күнін атап өтеді. Саран шаһары тұрғындарының бұл мерекеге деген ықыласы ерекше, себебі біздің өңірдің, оның экономикасы мен  заманауи келбетінің қалыптасуындағы бірден бір себеп осы көмір саласы. Бұл мамандық қашанда темірдей төзім мен жауапкершілікті, жанқиярлық пен қайсарлықты талап етеді. Сондықтан да сіздер қажырлы еңбектеріңіз арқылы қоғамда шынайы құрметке бөленіп келесіздер.

Бүгінде жүздеген қала тұрғындары шахталар мен кенжарларда тынымсыз еңбек ету арқылы өнеркәсіпті қажетті шикізатпен, ал кәсіпорындар мен халықты отынмен қамтамасыз етуде және сонысымен біздің қаламыздың, облыстың, еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосуда. Қаламыздың кеніштерінде тамаша еңбек мұрасы бар, өз ісінің шеберлерінің бір буыннан астам ұрпағын тәрбиелеп шығарған отбасы әулеттері бар кеншілердің жоғары кәсіби ұжымы жасақталған. Бұл саланың еңбеккерлері оны дамытуға қосқан қомақты үлестерін, өз

Құрметті кеншілер!

Сіздерге жанқиярлық еңбектеріңіз үшін, даңқты тау-кен дәстүрлеріне адалдық таныта білгендеріңіз үшін, сондай-ақ болашақ үшін еңбек етуге, жаңа технологияларды игеріп, көмір өндірудің тиімділігін арттыруға деген құлшынысыңыз үшін алғыс айтамыз. Сіздер - Саран қаласының игілігі мен мақтанышысыздар! Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және ашық аспан тілейміз!