Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаңызды білім күнімен құттықтаймыз!

1-қыркүйек-«Білім күні» мерекесі барлық мектептерде салтанатты түрде өтіп, алғашқы қоңырау үні сыңғырлады.

Білімді, ақылды, тәрбиелі ұрпақтың бастауы – білім ошақтары. Бұл саланың ел болашағының негізін қалауда алар орны ерекше. Еліміздің өсіп-өркендеуі - ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты. Сондықтан да, білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі.

Дәл осы күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауының шығуы да беркерден бекер емес. Себебі онда білім беру саласындағы реформаларға ерекше көңіл бөлінген. Аталмыш Жолдауында Президент: «Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады», - деп атап өтсе керек.

Біздің ұстаздарымыз, тәрбиешілеріміз бен оқытушыларымыз мектеп оқушылары мен студенттеріне болашақта Әділ Қазақстанды құруда жалпыадамзаттық құндылықтар мен патриотизмнің негізі бола алатын білім мен тәжірибе беруде.

Қымбатты достар, сіздерге зор денсаулық, жаңа оқу жылында көтеріңкі көңіл-күй, қызықты һәм жемісті жұмыс, шығармашылық табыс және алға қойған мақсаттарыңызға жете берулеріңізді тілейміз!