Күн тәртібінде Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қызығушылықтары бойынша клубтардың жұмысына тарту бойынша, № 7 мектеп-интернаты мен № 16 жалпы білім беретін мектептеріндегі мектеп қауіпсіздік командасының жұмысы туралы, Саран қаласының Жас техниктер станциясының кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізу қызметін ұйымдастыру туралы, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі мен Саран техникалық колледжіндегі құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберіндегі психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысы туралы мәселелер пысықталды.
Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ғалия Төлегенқызының айтуынша, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қызығушылықтары бойынша клубтарға тарту жұмыстарына бөлімге қарасты Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханалары мен қалалық Мәдениет үйі жұмылдырылған екен.
Мәселен, кітапхаларға оқырмандардың жаңа легін тарту, олардың көкжиегін кеңейту һәм әртүрлі жастағы, кәсіптегі адамдарды біріктіру, сондай-ақ олардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында орталықтандырылған кітапхана жүйесіндегі кітапханалардың жанынан қызығушылықтар бойынша әртүрлі клубтар құрылған. Мәдениет бөлімі басшысының баяндауынша осындай үйірмелер мен қызығушылықтары бойынша клубтар адамдарға оңай және еркін қарым-қатынас жасай алатын, қабілеттері мен таланттарын аша алатын, сонымен қатар түрлі достар таба алатын орта жасауға септігін тигізетін көрінеді.
«2022 жылы клубтар мен үйірмелер жұмысының аясында «Изготовление тростевых кукол из подручных материалов», «Красота и простота декупажа», «Тактильная книжка – малышка своими руками», «Семейный оберег», «Робототехника. Как это работает» сынды шеберлік сыныптары, «Детство – это я и ты», «Теремок» ертегісі сынды іс-шаралар, «Я с книгой открываю мир природы» экологиялық экспедиция, «Где эта улица, где этот дом?» өлкетану зияткерлік ойыны, М. Шахановтың 80 жылдығына арналған «Ақиқат ақыны» әдеби сағаты, «Полет души» атты қала ақындарының қатысуымен өткен ақындар кеші, «Здесь родины моей начало» атты ақпараттық-өлкетану тақырыбындағы кездесу және т.б. іс-шаралар өткізілді.
Бұдан бөлек, ОКЖ клубтары мен үйірмелерінің белсенді мүшелері халықаралық, облыстық конкурстар мен акцияларға да қатысып жүрген жайы бар. Мәселен, Е. Коломицева, А. Кулметтенова, Р. Ханбеков, Г. Кайрбекова есімді кітапханаларымыздың белсенді оқырмандары Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған Әлжаппар Әбішевтің 115 жылдығы мен Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Шығармашылық тұлғалар» облыстық өлкетану байқауына қатысып, «Үздік иллюстрация» номинациясы бойынша грамоталармен, ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталды», - деп тілге тиек етті клубтар мен үйірмелердің жыл ішінде атқарған жұмысы туралы баяндаған мәдениет бөлімінің басшысы Ғалия Тохметова.
Одан кейін отрыстың күн тәртібіне сәйкес № 7 мектеп-интернаты мен № 16 жалпы білім беретін мектептеріндегі мектеп қауіпсіздік топтарының жұмысы пысықталды.
Мектеп қауіпсіздігі командасы (МҚК) дегеніміз білім алушыларда позитивті ойлауды қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжыммен, ата-аналар қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс жасайтын әкімшіліктің, мектеп психологының, әлеуметтік педагогтың, медицина қызметкерінің, жетекші мектеп инспекторының өзара іс-қимылының бірлігін қамтитын ұйым десек артық айтпаған боламыз. Бұндай қауіпсіздік топтары барлық мектептерде бар. Мектеп директорларының жұмысын үйлестіретін және бақылайтын мектеп қауіпсіздік командаларының құрамы оқу жылының басында бекітіліп, дәл осы кезде олардың оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылады.
Бұл қауіпсіздік командаларының құрамындағы адамдардың әрқайсысының өздерінің жеке-жеке атқаратын міндеттері бар.
Мәселен, комиссия отырысына қатысқан мектеп өкілдерінің айтуынша директордың ТІ жөніндегі орынбасарлары қажет болған жағдайда жалпы сыныппен және сол сыныптардағы кез келген оқушымен позитивті ойлауға байланысты профилактикалық әңгімелер жүргізеді, сыныптан тыс және қоғамдық іс-шараларға тартады. Сонымен қатар, ата-аналармен жұмыс жасап, МҚК қызметін жүзеге асырады.
Мектептегі педагог-психологтар болса, өз жұмыстарын бес бағыт бойынша жүзеге асыратын көрінеді: атап айтқанда, олар психодиагностикалық, ағартушылық-профилактикалық, психологиялық түзету, дамыту, консультациялық, әлеуметтік-диспетчерлік (қажет болған жағдайда орлар оқушыларға психотерапевтке, суицидологқа жүгінуді ұсынады) жұмыстар.
Сонымен қатар, олар жасөспірімде өзіне-өзі қол жұмсау белгілерін анықтау бойынша диагностика жасайды (әсіресе 7-8 сыныптар мен «тәуекел тобындағы» балаларға тереңдетілген диагностика немесе түзету-дамыту жұмыстарын жүргізгеннен кейін, ата-аналармен, оқушылармен және мұғалімдермен қайтадан профилактикалық және білім беру жұмыстарын ұйымдастырады).
Бұдан бөлек, мектептегі қауіпсіздік топтарының құрамында әлеуметтік педагогтар жұмыс жасайды. Олар – балаға немесе отбасына (егер қажет болса) жеке тұлғаны әлеуметтендіруге бағытталған әлеуметтік сипаттағы көмек көрсетеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог қалалық жедел алдын алу шараларына, ата-аналар жиналыстарына, сынып сағаттарына да қатысады.
МҚК құрамында сонымен қатар мектеп тәлімгерлері де бар. өз кезегінде тәлімгерлер «тәуекел тобындағы» баланы оқудан тыс қызметке тартуды жүзеге асырады, МҚК-ң басқа қатысушыларына оқушыларда оң ойлауды қалыптастыру бойынша алдын алу іс-шараларын ұйымдастыруға көмектеседі.
Ал, Саран қаласының ПБ қарасты ЖПҚБ ювеналды полиция инспекторы болса, есепте тұрған отбасылар мен балаларды бақылауды жүзеге асырады және осы санатпен жұмыс бойынша мектепке көмек көрсетеді, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қадағалаусыз қалудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өмірлік қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалтуды жүзеге асырады.
Мектептегі қауіпсіздік тобының құрамындағы тағы бір қызметкер – медбике. Мектеп өкілдерінің мәлімдеуінше медбикелер ай сайын салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша профилактикалық, ағартушылық іс-шараларды өткізеді.
Одан әрмен сөз кезегін «Жас техниктер станциясы» КММ директоры Алексей Ульянов алды. Алексей Александрович кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізу қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстар туралы баяндап өтті.
«Жас техниктер станциясы» балаларға қосымша білім беру коммуналдық мемлекеттік мекемесі қаладағы қосымша білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мекеме Қарағанды облысындағы ғылыми-техникалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалғыз қосымша білім беру мекемесі.
ЖТС оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру әрбір бала өзінің шығармашылық әлеуетін ашып, іске асыра алатындай етіп құрылған, ал балаларды, олардың ата-аналарын бос уақыт қызметіне тарту отбасының өзара түсіністігі мен құндылықтық бағдарын нығайтуға мүмкіндік беретінін алға тартады коммуналдық мекеме басшысы.
«2021-2022 оқу жылында Жас техниктер станциясындағы 10 үйірмеде 569 адам қамтылған. 2021-2022 жылдарға арналған оқу жылында «STEM зертхана», «Электротехника негіздері» үйірмелері ашылды, ал «Робототехника» үйірмесінде мемлекеттік тілде оқытатын қосымша топ ашылды. Аталған үйірмелердің ашылуы техникалық шығармашылықты дәріптеу және оқыту үрдісіне әртүрлі жастағы қала балаларын тартуға мүмкіндік беріп отырған жайы бар. 2021-2022 оқу жылында ЖТС үйірмелері түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, 89 жүлделі орындарды иеленіп қайтты», - дейді «Жас техниктер станциясы» КММ директоры Алексей Ульянов.
Оның айтуынша «Жас техниктер станциясы» КММ негізгі тәрбие міндеті қалалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, спорттық-бұқаралық және техникалық-қолданбалы жұмыстар болып табылады. Оның ішіне ғылым және техника апталықтарын өткізу, оқушылардың ғылыми-практикалық қызметінің қалалық конкурсын, картинг бойынша жарыстар ұйымдастыру, робототехника бойынша қалалық жарыстар, «Жастардың техникалық шығармашылығы» тақырыбында қалалық көрмелер өткізу сынды іс-шаралар кіреді.
Ал саран қаласындағы жоғары оқу орындарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберіндегі психологтар мен әлеуметтік педагогтардың жұмысы туралы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлы-техникалық колледжі мен Саран техникалық колледжі директорларының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары баяндады.
Олардың айтуынша, психолог және кураторлар есепте тұрған әрбір студент үшін тәрбие жұмысының жеке жоспарын әзірледі, ай сайын топтың жетекшісі немесе шебері мен кураторы тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар актілерін толтырады, профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог кураторлармен бірлесіп студенттермен құқық бұзушылықтардың алдын алу, нөлдік төзімділікті қалыптастыру, ұрлыққа, қорқытып тартып алушылыққа жол бермеу бойынша кездесулер, дәрістер, әңгімелер өткізеді. Колледждердің педагог-психологтары жыл бойы оқу қызметі кезінде студенттерге бақылау жүргізеді, тұлғааралық қақтығыстарды шешу мәселелері бойынша жеке кеңестер, жасөспірімдерді тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға кеңес береді.
Бұдан бөлек, аталмыш жоғары оқу орындарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының мәлімдеуінше, оқу жылы барысында олар студенттердің мазасыздық, өзін-өзі бағалау, социометриялық мәртебе, оқуға ынталандыру сынды тұлғалық және жеке дамуына диагностика жасайды. Сондай-ақ, жасөспірімдердің жеке мәселелері бойынша, ата-аналармен бала-ата-ана қатынастары бойынша консультациялар жүргізіледі.
Сонымен қатар, ЖОО директороларының ТІ жөніндегі орынбасарлары Құқық бұзушылықтың алдын алу шеңберінде әлеуметтік педагог ЮП инспекторларымен бірлесіп сабақтарды дәлелсіз себептермен босатып жүрген студенттермен жұмыс жүргізетіндігін, жыл бойы әлеуметтік педагог ЮП инспекторларымен бірлесіп, қолайсыз отбасыларды аралайтындықтарын да тілге тиек етті.
Комиссия отырысын қорытындылаған қала әкімінің орынбасары Ералы Серікұлы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігіне байланысты мерзімінде рейд жұмыстарын жүргізуді, құқық бұзушылықтардың алдын алуда мектеп директорлары тарапынан қатаң бақылауға алуды жүктеді.
Сонымен бірге құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті сала басшыларына оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуді тапсырды.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ