Жіті ішек инфекциясы дегеніміз не, ол адамның ағзасына ауыз арқылы кіретін, әртүрлі бактериялар себебінен пайда болатын ауыршаңдық. Бұл бактериялар дәреттің бузылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеліп соғады.
Жаз маусымының басталуымен жіті ішек инфекциясының деңгейі жоғарылайды. Оның басты себебі: тағамның сақталу ережелерінің бұзылуы, сапасыз суды пайдалану, жеке бас тазалығының сақталмауы.
Ауруға өз бетімен емделіп, дәрігердің тағайындауынсыз дәрі ішуіне жол беруге болмайды. Өйткені іш өту кезінде дәрілердің көбі пайдасыз, ал кейбір жағдайларда тіпті зиян келтіреді. Сондықтан бала құсып, іші өтіп жатса «Регидрон» ерітіндісі, қайнаған су, жеміс- жидек суы, күріштің қайнаған суы, айран түрінде қосымша сұйықтық берудің маңызы өте зор.
Есіңізде болсын:
— Жіті асқазан-ішек ауруларын тудыратын көптеген бактериялар гигиена ережелері бұзылған жағдайда олар суда, тамақта, ойыншық бетінде болуы мүмкін. Сондықтан ауру тудыратын микробтардың баланың аузына түсуіне жол бермеуге тырысыңыз, яғни жеке бас гигиенасын, тұрмыстық гигиенасын сақтау қажет. Баланы жастайынан тазалыққа баулу қажет.
— Баланы алты ай бойы тек қана емізу керек, 6-7 айлық кезінде оның ас мәзіріне таза, нәрлі, жақсылап дайындалған тағамды енгізуді бастаңыз.
— Балаға қолыңызда бар ең таза суды беру, берер алдында оны қайнатып, суытып қою қажет.
Тек ананың сүтінде ғана баланы өмірінің алғашқы айларында инфекциялардан қорғайтын иммундық қасиеттер бар. Ана сүтін еметін баланың іші өтсе де, ауыру жеңіл түрде өтеді, тез айығып кетеді.
Құрметтіата-аналар! Осы ұсыныстардың барлығын орындау Сіздің сәбиіңізді жіті ішек жұқпалы ауруларынан қорғауға және оның алдын алуға көмектеседі!
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы» РММ