Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Саран Мәдениет үйі  «Жас отау» этномәдени қоғамдық бірлестігі  жылдар бойы Абай Құнанбаев атындағы СЖГТК директоры Закамолкин А.В, директордың машықтану практикасының орынбасары Нұрсалиева Ж.А. бірлескен серіктестік бағдарламасын жаңа білім ғасырында теория мен өндірістік іс-тәжірибемен ұштастыра білетін жастармен жұмысын жалғастырып келеді.

Ұтымды жақтарына назар аударсақ, өндірістік машықтанудан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Мақсатты түрде ұйымдастырылып, тиянақты өткізілген өндірістік практика студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірмен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейту мен тығыз қарым-қатынаста болуына оң әсерін тигізеді. Студенттер машықтану кезінде мәдени ісшаралар топтамасына қатысып, өздерін  мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алып, мектеп оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін үйренеді. Практика барысында студенттер әдістемелік әдебиеттерді және басқа да ақпарат көздерін табу және пайдалану, ұжыммен сауық іс-шаралар сценарийлерін әзірлеу, қойылымдар жүйесіне бейімделу тәжірибиесін меңгереді. Әрине, жастарға сан алуан мәдениет салаларынан дәріс беру біздің міндетіміз. «Жас отау» ЭМҚБ 2022 жылдың ақпан-мамыр айларында 1-ші топқа жоспарлы түрде мазмұнды өндірістік практика жұмыстарын бастап кетті.

Қатысушылар Абай Құнанбаев атындағы БМ-9-20 тобы «Аманат» клубы, кураторы Күленбаева А.И. және машық әдіскері Төлегенова И.Қ. үнемі әлеуметтік тапсырысты меңгеру кезеніңде орнынан табыла білді. Өндірістік тәжірибе қорытындысы бойынша екі сынақ ісшарасы түркі тілдес елдерде «Наурыз  қалай тойланады», 15 сәуір-«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар күніне шығармашылық бағдарламасын құру тапсырмасы берілді. Практика барысында топтың жеке жұмысы: «1 наурыз-Алғыс айту күні» концерттік бағдарлама, «Ғабит  Мүсірепов – ардақты ат» әдеби кеші, «Бабалардың дана өсиеттері» қала ақсақалдарымен кездесу кеші, «Майданда болған қазақ қаламгері А. Байтанаев» ел жадында, көшпенділердің халық көрмесі: «Сәндік –қолданбалы және қол өнер», «Қазақтың текті қыраны-Талғат Бигелдинов» өлместік шыңында, «Картадағы есім» жобасы. Тарихи тұлға:»Бөгенбай батыр кесенесі-қорымы» бағаланды. Атап айтқанда келген топ өте өнерлі, ұжымда достық қарым-қатынасы дархан бір біріне шынайы тірек бола алатын азаматтар екенің дәлелдей алды. Аталмыш жылдың сәуір-мамыр айында Абай Құнанбаев атындағы  СЖГТК БҚ-11-21 «Мұра» клубы кураторы Нығметова Қ.Б, әдіскері Зейнетоллина Ү.К. шәкірттерін практикаға жіберді. Келесі топты сахналық әдістемеге игеру: сценарий дайындау, қойылым  бағдарламасын бекіту, қатыстыру, рөльдерді сомдауға бейімдеу жұмыстары орын алды. Осыған орай «Дәстүр мен ғұрып» жобасы: «Құда түсу рәсімі» қойылым, «Шығыстың қос жұлдызы» ашық ерлік сабағы  үлкен залда өтілді.

Н. Кернебаева,

«Жас отау» ЭМҚБ жетекшісі