Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕЛЕРІНІҢ БІРІ – ОТБАСЫ КҮНІ. ҚЫРКҮЙЕКТІҢ ЕКІНШІ ДЕМАЛЫСЫНДА ТОЙЛАНАТЫН БҰЛ МЕРЕКЕ ЕЛІМІЗДЕ БІРНЕШЕ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН АТАП ӨТІЛУДЕ. ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ КЕЛЕШЕГІ. СЕБЕБІ, ОТБАСЫНДА ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕНЕДІ. АЛ ҚОҒАМ ҮШІН ТӘРБИЕЛЕУШІ ҚҰРАЛ РЕТІНДЕ ОТБАСЫНЫҢ АТҚАРАР РӨЛІ МАҢЫЗДЫ.

Жаңа құрылған жас отбасының тамыры тереңге жайылған саялы байтеректей үлкен әулетке айналуына әр түрлі факторлар әсер етеді. Сол факторлардың бірі – отбасы денсаулығы десек қателеспейміз.

Қыркүйек айының 10 жұлдызында «Денсаулық фестивалінің» аясында және Отбасы күніне орай Ақтас кентінің мәдени-сауық орталығы Ақтас кентіндегі Аналар кеңесімен әлеуметтік серіктестікте «Әкем, Анам және мен – спортты отбасы» атты отбасылық спорттық сайысын өткізген болатын.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, ол неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулардың алдын-алу және оларды сотқа дейін шешу, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.

Тәлімді спорттық шараға Қошмағамбетовтер, Шинкаренко, Нұржановтар отбасы қатысып, өздерінің жан-жақты екенін көрсете білді. Жарыс барысында қатысушы топтар бағдарламаның барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, өздерінің ептіліктері мен спорттық шеберліктерін танытты.

Мерекелік іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Ақтас кенті мәдени-сауық орталығының қызметкері Альфия святоха:

- Барлығы біледі, дене шынықтырумен айналысқанның пайдалы екендігін, қалай шыңдалу, жаттығу жасау, таза ауада жүру керектігін білеміз, бірақ ертерек тұрып, азғантай жаттығу жасауға - өзімізді соған бейімдеу қиын. Біз оның барлығын «кейін» деп кейінге қалдырамыз.

Ал енді, бәріміз, отбасыларымызбен шұғылдансақ қалай болады?. Мүмкін, сонда жеңіл болар?! Әсілі, спортта кімнің ұтатыны маңызды емес, бастысы, біздің барлығымыз мерекелік көңіл күймен, жүректің жылуымен, отбасылық татулықтың, ауызбіршіліктің атмосферасын және мейірімділіктің, өзара сыйластықты, отбасылық ынтымақты сезіну.

Есімізде болсын, егер біз бәріміз бірге болсақ, біздің өмірлік қиындықтан өтуіміз оңай болады. Мен командаларды адал спорттық тартысқа шақырамын, барлығыңызға сәттілік тілеймін! - деді.

Тартысты өткен жанұялар жарысының нәтижесінде Нұржановтар отбасы еш командаға дес бермей І-орынды иеленді. Сондай-ақ көрерменнің көңілінен шыққан Шинкаренко отбасы мен Қошмағамбетовтер отбасы ІІ орынды өзара бөлісті.

- Бүгінгі жарысты ұйымдастырушыларға алғысымызды да йтамыз. Тартысты өткен жарыста 2-ші орын алғанымызға қуаныштымыз, бұл жерде ең бастысы жеңу, отбасымызбен бір-біріміз тамаша уақыт өткізгенімізде. Алдағы уақытта бұл сайыстың жалғасын табуын күтеміз, - дейді Қошмағамбетовтер отбасының топ басшысы Ансар Қошмағамбетов.

Бәсекеге толы сайыс соңында шараға қатысқан отбасыларға бағалы сыйлықтар табыстады. Айта кететін болсақ, командалар іс-шараның демеушісі болған «Эконом маркет» дүкені ұсынған дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ