Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Ұстаздар күні қарсаңында елімізде «Үздік педагог» байқауы басталғанын хабарлаймыз. Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздарына 3 млн теңге көлемінде сыйақы беріледі.

Ал «Үздік педагог» республикалық байқауының қалалық кезеңі 2022 жылдың 28 қыркүйегінде өткізіледі.

Байқауға келесі критерийлерге сәйкес келетін білім беру ұйымдарының педагогтері, яғни:

1) білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып табылатын;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар тұлғалар қатыса алады.

Байқаудың  I (қалалық) кезеңіне қатысу үшін келесідей құжаттар мен материалдарды (электрондық нұсқада) ұсыну қажет:

1) оқыту тіліндегі портфолио (педагог портфолиосының құрылымы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады);

2) сабақ (оқу) жоспарын ұсына отырып, ұзақтығы 7 (жеті) минуттық бейнесабақ (мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), ұзақтығы 15 (он бес) минуттық бейнесабақ/оқу (орта, арнайы, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін), сондай-ақ осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейнероликке қойылатын талаптар мен техникалық шарттарға сәйкес озық педагогикалық тәжірибені (ұзақтығы 5 (бес) минутқа дейінгі бейнеролик) трансляциялау;

3) Министрлік айқындайтын тақырыптағы 500 (бес жүз) сөзден аспайтын эссені қоса бере отырып, Байқауға қатысу туралы өтінім.

Байқауға қатысушы үміткерлерге сәттілік тілейміз!!!