Мемлекетіміздің қуаттылығы оның ұстанған саясаты мен халқының бірлігінде және жарқын болашағында. Сонымен қатар тегеуріні мықты мемлекет болып қалыптасуда оның экономикасының жоғарлағанынан бөлек, халқының рухани – мәдени тұрғысынан өркендеп, өсіп жетілуіне және әрбір қазақстандықтың жүрегі Отаным деп соғып, ұлтым деп еміренуінде. Қай кезде де болмасын патриоттық сезімі жоғары елдің туы да жоғары.
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты тірегі, негізгі өлшемі болғандықтан, қазақ тілін өркендету мен оны мемлекеттік деңгейде орнықтыру болашақта қолданылатын әліпбиімізге тікелей қатысты. Біздің басты міндетіміз – тілді барлық салада белсенді пайдалана отырып, дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесіміз бен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір Адам , дербес шешуге тиісті міндет....
Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыра беру керек.
«Әр ұлт, мейлі үлкен болсын, кіші болсын, мәңгілік болуды қалайды. Бұл – оның табиғи құқығы. Ал, бұл үшін сол халықтың тілі өз топырағында тамыр бойлап, өмір сүруге тиіс, ал оның қасында өзге тілдер де онымен қатар көркейіп, гүлдене беруі керек. Тіл болмаса, халық өзінің ойын, сезімінің бүкіл дүниеге деген көзқарасын жеткізуге дәрменсіз».
Ақын ағаларымыздың «Егер маған ертең тілің өшеді дер болса, мен бүгін өлуге даярмын» деген сөздері, бойында қан ойнаған әр қазақтың көңіліне тоқылса, нұр үстіне нұр болар еді.
Ж. Джумашева,
Саран қаласы ПБ