Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызметін ұсынуға қатысты

Жалпы ережелер

- Қазақстан Республикасы азаматтарының тұратын жеріне қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаттары: Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты болуы тиіс.

- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасынан шыққан кезде және одан тыс жерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

- Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі.

- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Оның аумағында тұрақты тұратын ҚР азаматтарының жеке куәлігі болуы тиіс.

- Жеке куәлік 10 жыл мерзімге беріледі

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес

492 бап. Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру

  1. Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы - ескерту жасауға әкеп соғады.
  2. Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімге жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, - он үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  4. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз не тұруға ықтиярхатсыз немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінсіз не тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі жарамсыз болып күнтізбелік он күннен астам мерзімге тұрақты тұруы, сондай-ақ ішкі істер органдарына паспорттың, тұруға ықтиярхаттың не куәліктің жоғалғаны туралы уақтылы хабарламауы азаматтығы жоқ тұлғалар - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ескерту. Осы баптың бірінші бөлігінің Қазақстан Республикасы азаматтарының уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеусіз тұруы туралы талаптары мыналарға қолданылмайды: уақытша болатын (тұратын) жері бойынша бір айға дейінгі мерзімге тұруға құқылы.

САРАН Қ. КҚҚТ