Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінің 40 - бабына сәйкес мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктері Мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалады.
Осылайша, әрбір мемлекеттік органның өкілеттіктері олардың ережелерімен нақты анықталған.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өз кезегінде Ережеге сәйкес, белгіленген құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруін, мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауын бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызмет туралы» заңда көрсетілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департаментке сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар фактілері, коммуналдық қызметтер мәселелері және жер учаскелерін беруге қатысты өзге де мәселелер, білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша өтініштер жиі түседі. Дегенмен, оларды қарау Департаменттің құзыретіне кірмейді.
Бұла арада, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 13 маусымдағы №12 Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып, ал Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылғанын назарларыңызға жеткіземіз.
Осылайша, бүгінгі күні Департамент сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері көрсетілген өтініштерді қарауға уәкілетті емес, тиісінше аталған мәселелер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жүгіну қажеттігін хабарлаймыз.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен өтініш берушілер тарапынан Департаменттің құзыретіне жатпайтын мәселелер бойынша өтініштерді жолдау жағдайлары жиі кездеседі. Өз кезегінде, аталған өтініштер мәні бойынша қарастыру үшін уәкілетті органдарға қайта жолданады.
Бұл, тиісінше мемлекеттік аппарат институтына теріс әсер етіп, азаматтардың уақытын алып, негізделген шағымдардың туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Сондықтан, әрбір мемлекеттік орган өтініштер келіп түскен кезде мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін нақты басшылыққа алып, өтінішті тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға қайта жолдау туралы, ал егер өтініште көрсетілген мәселелерді толық көлемде қарау және олар бойынша заңды шешімдер қабылдау мемлекеттік органның құзыретіне кіретін болса, тиісті шешімдер қабылдауы қажет.
Сонымен қатар, Департаментке Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес ҚР ӘҚБтК бірқатар баптары бойынша хаттама жасау құқығы берілген.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстық іріктеу рәсімдері бұзылуға неғұрлым бейім, оларды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 99 - бабы 1 - бөлігінің санкциясы лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, Департаменттің бақылау функцияларының бірі - мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау болып табылады. Келіп түскен шағымдарды талдау негізінен арыздар сәулет, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларына қатысты екендігін көрсетіп отыр.
Барлық шағымдар бойынша Департамент қандай да бір мәселені егжей-тегжейлі зерделеу арқылы шаралар қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушілер тарапынан негізсіз бас тарту шығарылған жағдайда, Департамент көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдайды.
Осыған байланысты, егер сіздің құқықтарыңызға нұқсан келтірілді деп пайымдасаңыз, атап айтқанда: конкурстық рәсімдер бұзылса, мемлекеттік әкімшілік лауазымнан заңсыз босатса, егер сіздің қызмет алушы ретіндегі, құқығыңыз бұзылса, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың өзге де мәселелері бойынша бұзушылықтар болса, Сіз өз құқығыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғау үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев, 39) өтініштерді қабылдау және өңдеудің «Е-Otinish» платформасы, «Egov.kz» электронды үкімет порталы арқылы өз шағымыңызды қағаз нұсқада, сондай-ақ электронды нұсқада жүгінуге құқылысыз.
М.Умуркулов,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы