Туляремия-қоздырғыштың тарау механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақтық зоонозды жедел бактериялық инфекция. Уланумен, қызба және лимфа түйіндерінің зақымадалуымен сипатталады.
Туляремия қоздырғышы – суда 3 ай, 0-градустан төмен болса, бидай және сабағында 6 ай, өлген жануалардың терісінде 8 ай бойы сақталады. Қайнатқанда 1-2 минутта. Хлорамин, лизол, хлорит әк ерітінділерінде 3-5 минут ішінде жойылады.
Аурудың көзі және резервуары – жануарлар: кеміргіштердің әртүрлі тобы: сұр тышқан, үй тышқаны, егеуқұйрықтар, оңдатра, қояндар. Үй жануарларынан: қойлар, шошқалар, ірі қачралар.
Ауруды тасымалдайтындар: сексод, гамаз кенелері, масалар, бүргілер тасымалдап, жұқтырады.
Туляремияның адамға жұғу жолдары:
- Контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда, жануар тістеп алған кезде
- Алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы
- Шаң-тозаң арқылы – залалданған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде
- Трансмиссивті – әртүрлі қан сорғыштармен (маса,кене) арқылы беріледі.
Туляремия ауруы көбінесе батпақты ошағы бар ауылшаруашылық аудандарында кездеседі. Қала адамдары аңға, балық аулауға шыққанда ауру жұқтырады, сонымен қатар үй шаруашылығындағы әйелдер ауырады. Туляремия ауруына бейімділік жоғары. Бір рет ауырған адамда тұрақты иммунитет пайда болады. Дегенмен, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп халық нақылында айтылғандай, ауруды неғұрлым ертерек анықтап, алдын алған жөн.
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ