Дәстүр мен ұлт мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деген Бауыржан Момышұлы. Ана тіліміз жөнінде қай заманда да болсын дуалы ауыздар айтудай – ақ айтқан. Бірақ оны тыңдап жатқан қазақ баласы аз.
Азаттық алдық, көк туымыз аспанымызда желбіреді. Ұлт мәселесіне бөгет, бөгеу жоқ, жолымыз ашық. Енді тілімізді білмесек, салтымызды ұстанбасақ, басқа ел біздің қазақ деген халық екенімізді қай қырымыздан танып, біледі. Тіліміз орысша, киіміміз еуропаша, құдамыз кәріс болса қазақпыз деп қалай айта аламыз?
Ана тіліміз – ұрпақтан ұрпаққа жеткізілетін, қоғамның барлық салаларында қолдануға жарамды, заман талаптарына толық жауап бере алатын қазыналы тіл! Сондықтан оның болашағы жарқын екендігіне күмән жоқ. Қай салада болмасын мемлекеттік тілдің өрісі биік болуы керек. Сонда ғана ана тіліміз қаңатын кеңге жаяды. Мемлекетке қызмет ету үшін ең алдымен мемлекеттік тілді білу бүгінгі заман талабы. Өйткені, мемлекеттік тілді білмеген мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік қызметте қызмет атқарулары мүмкін емес. Бүгінгі күні қазақ тілін оқыту курстары тегін – ол мемлекет есебінен ұйымдастырылған, ал ағылшын тілін білгісі келген адам ақылы, яғни өз қалтасының есебінен оқиды. Сондықтан, мемлекеттік тілді игеруде әрбір қазақстандық үшін мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан мүмкіндіктерді жіберіп алмаған жөн. Ендеше Қазақстанның болашағы неде? «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде!» – екендігін ұмытпайық!
Ж. Джумашева,
Саран қаласы ПБ