ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНЫҢ 23 ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ САРАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АРМАН БАҚТЫБАЕВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.
Комиссия мүшелері күн тәртібінде екі мәселені қаралды. Біріншісінде білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарының жұмысы туралы және «Тәуекел тобындағы» балаларды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту мәселелері қарастырылса, екіншісінде жастар мен кәмелетке толмағандарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы қалалық Жастар ресурстық орталығының есесбі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша қатысушыларға №17 мектеп-гимназиясы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Ермолаева баяндады.
Татьяна Геннадьевнаның мәлімдеуінше № 17 мектеп-гиназиясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және «Тәуекел тобындағы» балаларды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Мәселен, аталған білім ошағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша, нөлдік төзімділік бойынша, құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу бойыншаіс-шаралар жоспары, сонымен қатар Саран қаласының ПБ-мен бірлескен жұмыс жоспары әзірленген екен.
Ал сол мектептегі білім алушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі барлық жұмысты құқықтық тәрбие және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес үйлестірсе керек-ті.
Татьяна Геннадьевнаның айтуынша, кестеге сәйкес айына бір рет Кеңес отырысы өтеді, онда хаттамалар толтырылып, білім алушылардың мінез-құлқы, үлгерім мәселелері, білім алушылардың тәртіптік және басқа да үлгерім бұзушылықтарының алдын алу, ата-аналармен әңгімелесу талқыланады екен.
Ал «Тәуекел тобындағы» балаларды сабақтан тыс уақытта жұмыспен қамту мәселелеріне толқталып өткен Татьяна Геннадьевна: «Есепке алудың барлық түрлерінде тұратын әрбір балаға қоғамдық тәрбиеші бекітілген. Балалармен және олардың отбасыларымен жеке жұмыс жоспарлары әзірленді, жеке есепке алу карталары, бақылау күнделіктері енгізілді, сабаққа күнделікті бақылау жүзеге асырылады. Ата-аналарды ағымдағы және қорытынды үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы уақтылы хабардар етеміз. Демалыс уақытында қоғамдық тәрбиеші білім алушылардың жұмыспен қамтылуын бақылайды және оларға тұрғылықты жері бойынша барады», - деп мәлімдеді комиссия мүшелеріне.
Бұдан бөлек, оның айтуынша 2022-2022 оқу жылы ішінде мектепте «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясын, «Есірткісіз көше», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» іс-шараларын өткізу жоспарланса керек. Аталған іс-шаралар шеңберінде Саран қ. ПБ және Денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп профилактикалық дәрістер өткізу жоспарланған екен.
Сонымен қатар, «Тәуекел тобының» білім алушылары сабақтан тыс уақытта аталған мектеп-гимназияның жанында ұйымдастырылған футбол, волейбол спорт секцияларына қатысатындықтарын мәлімдеді №17 мектеп-гимназиясы директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Татьяна Ермолаева.
Ал екінші мәселе бойынша Саран қаласы жастар ресурстық орталығы директорының м.а. Гүлзият Ханафина баяндады.
Гүлзият Келдібекқызының айтуына қарағанда, «JASYL EL» бағдарламасы Саран қаласында 2016 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде 14-тен 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 223 адам жұмысқа орналастырылған екен.
«2022 жылдың басынан бастап «JASYL EL» бағдарламасын түсіндіру мақсатында Жастар ресурстық орталығының инспекторлары кездесулер, сондай-ақ Instagram және Тик ток әлемжелілеріндегі «Саран жастары» парақшасында жарнамалық бейнероликтер өткізілді. 2022 жылы «JASYL EL» бағдарламасын іске асыруда «Сәуір-11» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сынды 2 жұмыс беруші серіктес болды. Олар Саран қаласы мен Ақтас кентінің жастарына жұмыс орындарын ұсынды», - деді өз баяндамасында Гүлзият Келдібекқызы.
Сонымен қатар ол, биыл алғаш рет 14 пен 15 жастағы 17 бала мемлекеттік қаражат есебінен жұмысқа орналастырылғанын да тілге тиек етте кетті.
Саран қаласы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушының сөзіне сүйенетін болсақ, жастарды уақытша маусымдық жұмысқа орналастыру мақсатында «JASYL EL» қалалық штабына жүгінген 130 адамның ішінен 50-і жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 17 адам 14 пен 15 жас аралығындағылар болса, 33 адам 16 жастан 29 жасқа дейінгілер болса керек-ті.
«Әр маусым аяқталғаннан кейін жасыл ел жауынгерлер үшін көтермелеу мақсатында пейнтболға сапарлар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 23 қыркүйекте «JASYL EL» жасақтарының еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Еңбек маусымының қорытындысы бойынша үздік деп танылған жауынгерлер дипломдармен марапатталып, Бурабайға сапарға жіберілетін болады», - деді Саран қаласы жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлзият Ханафина.
Отырыс қорытындысы бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары Арман Болатұлы баяндамашыларға мектепішілік есепте тұрған оқушылардың ата-аналарымен алдын алу жұмыстарын жалғастыруды, отбасындағы әлеуметтік жағдайлар мен микроклиматты қадағалауды, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасындағы тәрбие-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, сонымен қатар қала мектептері мен колледждерінде «Жасыл ел» жасақтарына жазғы уақыттарда жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпараттық кездесулер өткізуді тапсырды.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ
Суретті түсірген автор