Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, тәлім-тәрбие, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы – мұғалім.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор. Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді...
Ұстаз – ұлы тұлға деген атаққа лайық, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөліскен, бағыт-бағдар берген, ұстаздық жолда тапжылмай еңбек етіп келе жатқан, ұлағатты ұстаз бастауыш мұғалімі- Мустафаева Бикеш Жаздаевна.
Мустафаева Бикеш Жаздаевна - ұлағатты ұстаз ғана емес, перзент тәрбиелеген аяулы ана, немерлерінің сүйікті әжесі. Қазіргі уақытта мектебіміздің арасында сыйлы, ұлы ұстаз, үлгілі перзенттерін тәрбиелеуде. Жан дүниесіне үніле қарасаңыз өте байсалды, білімді, терең ойлы, тұла бойы тұнып тұрған талант иесі. Бір жымиғанының өзі адамды шабыттандырып, керемет бір күйге бөлейді. Осындай нағыз шебер ұстаз болу үшін, уақыт пен ыждағатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Тәжірибелі мұғалімнен тәлім – тәрбие алған, оқушылар бақытты деп есептеймін. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда.
Облыс, қала және мектебіміздің атаулы іс-шаралырна қатысып, көптеген жетістіктерге жеткен ұлы ұстаз.
М. Байкөжекова,
«№7 МИ» география пәнінің мұғалімі