Бүгін: 18.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ұстазға деген халқымыздың құрметі қашан да ерекше. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – демекші, ұстаздық – мәртебелі мамандық. Себебі ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастыратын ардақты тұлға.

Ұстаз – ұлағатты есім. Кез келген қоғамдағы, барлық кезеңдегі ұстаздың ұлы міндетіне баға жетпейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарға арнаған құттықтау сөзінде: «Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», - деп атап өткен болатын.

Тек жоғары білімді, талантты, дана һәм патриот ұстаз ғана лайықты ұрпақ тәрбиелей алады.

Қаламыздың даңқты шежіресі жыл сайын талантты мұғалімдердің есімдерімен толықтырылып келеді. сонымен қатар, сіздер, құрметті ұстаздар, ең беделді байқаулардың финалистері мен жеңімпаздары, заманауи әдістемелік құралдар мен ғылыми жобалардың авторлары екендіктеріңізді мақтанышпен атап өтуге болады.

Ал сіздер тәрбиелеп жатқан студенттер мен оқушылар түрлі пәндік олимпиадалар мен жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуде. Бұл біздің шаһарымыз үшін ауыз толтырып айтарлықтай жетістік.

Сонымен қатар, Саран шаһарының білім саласы ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіргіміз келеді. Бүгінде іздеріңізді жалғап келе жатқан жас буын сіздердің игі дәстүрлеріңізді берік ұстануда.

Құрметті ұстардар қауымы!

Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де - ұстаз. Сондықтан еліміздің ертеңгі келешегі сіздердің қолдарыңызда! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғысымды білдіреміз! Еліміздің атын әлемге танытатын білімді де, талантты шәкірттеріңіз көбейе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қиын да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілейміз!