Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Егер де біз қазақ деген  ұлт болуды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай  тіліміздің де сақталу  қамын  қатар  ойлау  керек»

Ахмет  Байтұрсынұлы

Тіл – ұлттың жаны. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

Ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өз болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік тілді білу-Қазақстанның әрбір азаматының парызы.

Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 4-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» делінген. Сондықтан да Саран қаласының архивінің іс-қағаздары заңда көрсетілгендей мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мекеме ішінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесін арттыру мақсатында біраз іс-шаралар өтеді.

Саран қаласының мемлекеттік архиві, Тілдерді дамыту орталығымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Жыл сайын дәстүрлі түрде қала мекемелеріне «Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы, мемлекеттік тілде іс-жүргізу» тақырыбында семинар өтеді. Шара барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шаралар, іс-жүргізуде жиі кездесетін қателіктер талқыланады.

«Жаңа әліпби жобасымен танысамыз» тақырыбында танымдық сағаттар өтеді. Сонымен қатар архив қызметкерлері мемлекеттік тілді үйрену курсынан өтіп, сертификаттарға ие болды. «Қазтестке» қатысып, жоғары нәтиже көрсетуде.

Биылғы жылы қаламызда алғаш рет мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, тілдерді дамыту орталығы «Ұлттық ономастика – ел айнасы» байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты: азаматтарды мемлекеттік тілді, төл тарихты білуге баулу, олардың отансүйгіштік сезімін ояту, қазақ халқының көне салт-ғұрпын, дәстүрлі таным-түсінігін және көнерген сөздерді жаңғырту болды.

Байқауға Саран қаласының мемлекеттік мекеме мамандары мен мемлекет меншігіндегі мекеме қызметкерлерінен құрылған командалар қатысты. Төрт кезеңнен тұратын бұл сайыста қатысушылар еліміздің белгілі тұлғалары, тарихи орындар, көрікті жерлер, көнерген сөздер бойынша білімдерін сынады. Байқауға біздің қызметкерлер де қатысып, жақсы нәтиже көрсеті.

«Бірігіп пішкен тон келте болмас» демекші, Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қызметкерлерімен мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шараларды әрі қарай бірлесіп өткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту, тілдің қолдану аясын арттыруға күш салу.

А. Карнай,

«Саран  қаласының  мемлекеттік  архиві» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің екінші санатты  архивист