Баршаларыңызды ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтаймыз!
2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын. Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек», - едеген болатын мемлекет басшысы.
Иә, дәл осы 1990 жылғы 25 қазанда еліміздің егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері бекітілді.
Мерекелік күнтізбедедегі Республика күнін қайта жаңғырту - бұл жаңа Қазақстанның ұрпақтарының өз бастаулары мен сабақтастығын мойындауының, халқымыздың тарихи еңбегі мен ерік-жігерін құрметтеуінің символы.
Құрметті тұрғындар және қала қонақтары!
Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай беруіне деген ыстық ықыласымды жеткіземіз. Еліміздің дәулеті, жеріміздің сәулеті жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!
Бұл күн – ата - бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілейміз!