Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ  тілі  бұл – қазақ  халқын  әлемге  танытқан  ұлы  Абайдың, қазақ  әліпбиінің  атасы  Ахметтің, сырлы  да  сұлу  шығармаларды тудырған   Мұхтардың тілі.  Ана  тілі  арқылы  адамдар  өз қуанышы мен  толғанысын  жеткізеді.  Сондықтан  да  Тіл  –қадірлі   де  қасиетті.  Әркімнің   ана   тіліне  деген құрметін анасына,  ұлтына,  Отанына көрсетілген   құрмет  деп білуіміз керек.    

Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі – тіл.  Тіл мәртебесін көтеру  - өз халқына жаны ашитын  әр  азаматтың  қасиетті  борышы.

Ия, тіл әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы – әр елдің мақтанышы, атадан   балаға   мирас   болған   баға  жетпес мұра. Сондықтан, әр  адам ана тілін   қадірлеуге   міндетті, оны шұбарлап сөйлеуге жол  берілмеуі керек.  Ана тілі – ар өлшемі. Біздің  ана тіліміз – шексіз бай, өте көркем тіл. Халықтың  тарихта қалуы   тіліне   байланысты. Жеке бір  адам  ұлт   тілін   жасай алмайды. Тіл –әр халықтың  жазуы жоқта кітабы, мектебі  жоқта  ұстазы болған. Адамды мұратқа жеткізетін – тілі мен ата – дәстүрі.

Тіл   халқымыздың    рухани   дүниесін   нығайтып, адамдарды  татулық пен   бірлікке, өскелең   ұрпақты   патриотизм   мен   жалпы   адамзаттық ынтымақтастыққа   тәрбиелеуге  қызмет  етеді. Қазақ   тілінің   өркендеуі, дамып, қанат   жаюы – Қазақ елінің азаматтарына байланысты. Бәрінің  бастау негізі,  халықтын   қазына  қайнарында, ақыл – парасатында жатыр.

Қазақ   халқының   біртуар   батыр   ұлы   Бауыржан Момышұлы  «Анамыздың   ақ   сүтімен бойымызға  дарыған   тілімізді  ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды   ұмыту»  деген еді. Олай болса, ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі   ұрпақ   ана   тілінде   жетік сөйлеп,  білімді, мәдениетті   болулары  керек. Сол себепті, тәуелсіздікті баянды еткіміз келсе, тіліміздің  туын  биік  ұстайық!

Ж.Джумашева,

Саран  қаласы  ПБ