Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының стандарттарын реттеу мақсатында мемлекеттік тәртіпті нығайту бойынша елеулі өзгерістер орын алғандығы мәлім.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрыстарының стандарттарын реттеу мақсатында мемлекеттік тәртіпті нығайту бойынша елеулі өзгерістер орын алғандығы мәлім.
Оның ішінде, Әдеп жөніндегі кеңестің жұмыс бағыты кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағдар алып, басты міндеті ретінде мемлекеттік қызметшілер арасында орын алатын бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсаттары алға қойылды.
Бүгінгі күні, Қарағанды облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің құрамы жұмыс тәжірибесі мол және аймақта салиқалы мәртебеге ие болған тұлғалардан құралған.
Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында Агенттіктің алқалы органы - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды талқыға салу, мемлекеттік орган басшыларының заңнама бұзушылықтарын алдын алу бойынша жүргізген жұмыс қорытындыларын тыңдау, әдеп жөніндегі уәкілдер қызметі нәтижелерін бағалау және тәртіптік комиссиялар жұмысын реттеу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу жұмысын жүргізеді.
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілерге қойылатын негізгі талап - қызметтік әдепті сақтаумен байланысты екендігін ескеріп, мемлекеттік қызметтің дәрежесін көтеруге үлес қосу үшін қарқынды жұмыс жүргізу.
Атап айтқанда, нақты шешімдер қабылданып, мемлекеттік орган басшыларына жүйелі ұсынымдар енгізілу арқылы өзгерістерге және мемлекеттік қызметтің жаңа моделін құруға серпін берілуде.
Әдеп кодексімен белгіленген талаптарға қарайтын болсақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және қоғамдық мүдделерді ең үздік және тиімді тәсілмен қанағаттандыруды білдіретіні айқындалған.
Мемлекеттік қызмет атқару - қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қойылады және олардың моральдық-этикалық бейнесіне үлкен көңіл бөлінуде.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті - халыққа адал қызмет ету. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «Қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметші болу – жауапты міндет. Сол себепті, осы бағытта жұмыс істеу - бүгінгі күннің талабы.
Ал, бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыруда Әдеп жөніндегі кеңестің алатын орны ерекше екендігі белгілі.
Себебі отырыстарда қаралған мәселелер тұлғалардың заңмен белгіленген құқықтарын қалпына келтіруге, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары, әдеп нормаларының сақталуы бойынша бұзушылықтардың алдын алу және болашақта болдырмауға бағытталған сұрақтары қаралып лауазымды тұлғаларға ұсынымдар енгізіледі.
Болашақ уақыттың көрінісі ретінде кәсіби мемлекеттік аппарат құруда Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің елеулі үлесін көремін.
Бүгінгі күні Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің жұмысы жандандырылып, мүшелермен кеңес отырыстарында шешімдер қабылдаудан өзге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан бұзушылықтардың алдын алу бойынша дербес шаралар қабылдануда.
Бұл, Әдеп жөніндегі кеңес институтына және мемлекеттік аппаратқа деген сенімді нығайтудың дербес жолдарының бірі деп бағалаймын.
Бүгінде Әдеп жөніндегі кеңес бұзушылықтың алдын алуды жүргізудегі және мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін көтерудегі басты институттың бірі ретінде танылды.
Бағдары айқын, міндеті нық, қызметі елеулі Әдеп жөніндегі кеңес институты халықтың сенімін ақтауға өз күшін сала бермек.
Е.Жолданғар,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы