25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНІҢ ЖАҢА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ РЕТІНДЕ ҚОҒАМДАҒЫ ТАРИХИ МӘРТЕБЕСІН БЕКІТУ МАҚСАТЫНДА ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА 3 ҚАРАШАДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫНА СӘЙКЕС, ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА «ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН» АТТЫ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ БОЛЫП ӨТТІ.
Ондағы мақсат - жас ұрпақтың бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру, талантты балалардың талантын шыңдау. Іс-шарада отан, туған жер тақырыптарында әндер шырқалып, оқушылар жүлделі орындармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Байқау Кеншілер Мәдениет сарайында Қарағанды облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Сайыстың ереже талаптарына сәйкес қатысушылар 9–12 жас және 13–17 жас аралығындағы 2 жас санатында Отан, Туған жер және ел туралы патриоттық ән орындаудан өзара бақ сынасты. Байқауға Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Осакаровка, Бұқар жырау, Шет, аудандары және Қарағанды, Шахтинск, Саран, Теміртау қалаларының 170-ке жуық үміткерлері өз өнерлерін көрсеткен болатын.
Солардың арасында Ақтас кентіндегі № 16 жалпы білім беретін мектептің сынып оқушысы Ұлту Қаштаева да болды. Ұлту өз бағын 13–17 жас аралығындағы жас санатында сынаған болатын. Байқау өте тартысты болды. Қатысушылар саны да аз болмады. Дескекте әділ қазылар алқасы әділ бағасын беріп, нәтижесінде жерлесіміз өзі бақ сынаған жас санатында жүлделі үшінші орынды иеленді.
«Конкурс өте жақсы өтті. Балалар өздерінің ерекше, әдемі дауыстарымен таңқалдырды. Меніңше, әділ қазылары дұрыс шешім қабылдады, оларды бақыладым, балалардан көз алмады. Өзім орын жайлы қатты қобалжымадым, себебі маған әр дауыс ұнады десем де болады. Бірақ үшінші орынды иелендім. Қуаныштымын. Себебі әдемі дауысты қатысушылар өте көп болды. Тағы айта кететінім, конкурсқа жақсы тақырып таңдалып алынған екен, патироттық сезімізді тағы бір мәрте оятты», - дейді облыстық конкурстың жүлдегері Ұлту Қаштаева.
Біз өз кезегімізде қарындасымызға өнердегі әпкесі, атақты дәстүрлі әнші рамазан Стамғазиевтің құдай қосқан қосағы Ұлту Қабаева секілді алты алашқа аты мәлім әнші болуына тілектес екендігімізді жеткізіп, жүлделі үшінші орынымен құттықтадық. Өнері өге жүзе берсін!
Ал облыстық байқаудың жалпы нәтижесі Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы баспасөзінің мәліметінше келесідей жайғасты:
Алқа мүшелерінің анықтауымен төменгі құрамдағы дипломдар және сыйлықтар 9-12 жас аралықтағы жеңімпаздарға берілді:
Бас жүлде Рзағали Нұрсая (Теміртау қаласы) диплом, сертификат 30 000 (отыз мың) теңге, гүл шоғы;
І дәрежелі диплом Абдрахман Ансар (Бұқар жырау ауданы), Титовский Остап (Абай ауданы), сертификат 20 000 (жиырма мың) теңге, гүл шоғы;
ІІ дәрежелі диплом Қайырбек Томирис (Қарағанды қаласы), сертификат 15 000 (он бес мың) теңге, гүл шоғы;
ІІІ дәрежелі диплом Қайролла Ділназ (Шет ауданы) сертификат 10 000 (он мың) теңге, гүл шоғы.
Дипломанттар: Әлім Рамазан (Абай ауданы), Аширбеков Ералы (Қарағанды қаласы), Тологон Алина (Қарағанды қаласы), Зәрубай Аружан (Қарқаралы ауданы), Тен Владимир (Қарағанды қаласы), Еркибаева Асель (Шахан кенті), Шағыр Әбілмансұр (Осакаровка ауданы), Бектыбаева Аруна (Қарағанды қаласы), Акеева Айша (Шет ауданы), Овчарова Ева (Қарағанды қаласы), Маневич Анастасия (Қарағанды қаласы), Макаренко Валерия (Қарағанды қаласы), Бағдаулет Сұлтанәлі (Бұқар жырау ауданы).
13-17 жас аралықтағы жеңімпаздар:
Бас жүлде Төлеутай Аянат (Ақтоғай ауданы) диплом, сертификат 30 000 (отыз мың) теңге, гүл шоғы;
І дәрежелі диплом Төленді Мирас (Осакаровка ауданы), сертификат 20 000 (жиырма мың) теңге, гүл шоғы;
ІІ дәрежелі диплом Бекболат Аружан (Қарағанды қаласы), сертификат 15 000 (он бес мың) теңге, гүл шоғы;
ІІІ дәрежелі диплом Каштаева Ұлту (Саран қаласы), сертификат 10 000 (он мың) теңге, гүл шоғы.
Дипломанттар: Айбекова Нұрайлым (Шет ауданы), Исабаева Зейнеп (Бұқар жырау ауданы), Абдикеров Бекжан (Қарағанды қаласы), Ойрат Жарқын (Қарқаралы ауданы); Кәрім Ботагөз (Қарағанды қаласы), Сиралинов Руслан (Қарағанды қаласы), Кудва Арина (Қарағанды қаласы), Нұрболат Динара (Қарағанды қаласы), Карибжан Айтуар (Қарағанды қаласы), Рахишев Нұрдос (Қарағанды қаласы).
Барлық жетекшілер мен қатысушыларға Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының алғыс хаттары табысталды.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ