«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі No1019 Жарлығына сəйкес Қарағанды облысының елді мекендерінде sailau09 сайты жұмыс істейді, онда əрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куəлік нөмірі арқылы өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады. Сондай-ақ, тəулік бойғы «Сенім 109» Бірыңғай диспетчерлік қызметі жұмыс істейді, оған жүгініп, ЖСН айту арқылы сайлаушы өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
«Саран қаласы əкімінің аппараты» ММ-де Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуді тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Əрбір тұрғын өзінің сайлау учаскесін нақтылау бойынша кеңес алу үшін Call-орталыққа хабарласа алады жəне өзінің тізімге енгізілгенін 7-40-07 телефоны бойынша күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін тексере алады.
Құрметті тұрғындар, Саран қалалық сайлау комиссиясы Сіздерді азаматтық ұстаным көрсетуге жəне сайлауға қатысуға шақырады!
ҚҰРМЕТТІ САРАН ҚАЛАСЫ МЕН АҚТАС КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
- 559