ШЕБЕРЛІК САБАҚТАРЫ, ДӘРІСТЕР ЖӘНЕ БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ – 2022 ЖЫЛДЫҢ 15 ҚАРАШАСЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІ ӨТТІ. КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ МЕН КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ОРНАТУ ҮШІН АШЫҚ АЛАҢДА КЕЗДЕСТІ.
Ондағы мақсат - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандарды даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-әрекет жасау болды. Колледждерде біржолғы жаппай кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу бастамасы облыстық білім басқармасы мен білім министрлігіне тиесілі.
Іс-шараға «Саран қаласының жұмыспен қамту орталығы», қала мектептері мен балабақшаларының басшылары және педагогтары, мақсатты кадрларды даярлауға қатысатын кәсіпорындар өкілдері қатысты.
Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде жұмыс берушілер – әлеуметтік әріптестердің студенттермен кездесуі танысу экскурсиясымен басталды. Одан кейін іс-шара барысында кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау кезінде қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Ал кәсіпорындар мен жетекші ұйымдардың жұмыс тәжірибесі диалогтық алаңда талқыға салынды. Содан кейін жұмыс беруші мен жас маманның жұмысқа қабылдау туралы келіссөздері, бітіруші топ студенттерімен жеке әсұхбаттасулар, тернингтер, шеберлік-сыныптары өткізілді. Бұдан бөлек, іс-шара аясында серіктес кәсіпорындармен меморандум, келісім шарттар жасалды.
Іс-шара соңында серіктестікте жұмыс жасайтын жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрілігінің алғыс хаттары мен жергілікті органдардың алғыс хаттары табысталды.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ