«Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №1019 Жарлығына сәйкес Қарағанды облысының елді мекендерінде sailau09 сайты жұмыс істейді, онда әрбір пайдаланушы ЖСН немесе жеке куәлік нөмірі арқылы өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын таба алады. Сондай-ақ, тәулік бойғы «Сенім 109» Бірыңғай диспетчерлік қызметі жұмыс істейді, оған жүгініп, ЖСН айту арқылы сайлаушы өзінің сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын біле алады.
«Саран қаласы әкімінің аппараты» ММ-де Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындарын Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуді тексеру бойынша Call-орталықтың жұмысы ұйымдастырылды. Әрбір тұрғын өзінің сайлау учаскесін нақтылау бойынша кеңес алу үшін Call-орталыққа хабарласа алады және өзінің тізімге енгізілгенін 7-40-07 телефоны бойынша күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін тексере алады.
Құрметті тұрғындар, Саран қалалық сайлау комиссиясы Сіздерді азаматтық ұстаным көрсетуге және сайлауға қатысуға шақырады!