Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2022 жылы мемлкеттік тіл нормасына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесін – 74 % жеткізу деп белгіленген. Осы мақсатты индикаторға қол жеткізу үшін облыстық акция аясында Саран қаласында көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы тіл нормаларының сақталуын бақылау, жүйелеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жылына төрт рет «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» айлығы ұйымдастырылады.
Кезекті акция 20 қарашадан басталып, 20 желтоқсанға дейін созылмақшы. Аталмыш акция Ақтас кентінің шаруашылық субъектілеріне ҚР «Тіл туралы», «Жарнама туралы», «Тұтынушылардың құқытарын қорғау туралы» Заңдарының талаптарын түсіндіруден басталды. Қазіргі кезде Саран қаласында жүріп жатыр.
Акцияға «Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ жанынан құрылған «Тіл қорғаны» тобы, тіл еріктілері қатысуда. Заң бұзушылық анықталған объектілерге ескерту хаты беріліп, аударма бойынша әдістемелік көмек көрсетіліп жатыр.
Жылдың басынан топ мүшелерімен көрнекі ақпартты зерделеу мақсатында 624 нысан қамтылды. Кәсіпкерлерге тегін әдістемелік көмек пен аударма жасайтын «Жедел желі» бойынша 85 кәсіпкерге әдістемелік көмек көрсетілсетіліп, 1060 ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар кәсіпкерлерге «Саран қаласы тілдерді дамыту орталығы» КММ қызметкерлерімен әр сала бойынша әзірленген сөздіктері таратылып, қысқа мерзімді оқыту курсына, «Мәміле» сөйлесу клубына шақырылды.
Д. Жупенова,
«Саран қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ тілдер жөніндегі бас маманы