Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар – егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін пайда болған жаңа әлеуметтік-саяси ақиқат.  Қазақстандағы этносаралық қатынастар онда тұрып жатқан барлық халықтардың қоғамдық қызметінің әр түрлі салаларындағы сан түрлі өзара байланыстары мен қарым-қатынастарының тізбегі, біртұтас органикалық жүйе ретінде қызмет атқаратын тәжрибе көрсетіп отыр. Өзінің тағдыр-талайында, біртұтас бола білудің жауапкершілігін көрсеткен кезеңі ондағы ұлттар мен ұлыстардың үлкен жауапкершілігін көрсетсе керек. Біздің бақытымыз да сол, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлемдік қоғамдастықтың алдыңғы қатарлы көшіне қосылды.

Этносаралық  қатынастардың басты тақырыбының маңыздылығы : «біз ұлтына және сеніміне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз».Қазақстанның  ұлттық саясаты  барлық этностардың  экономикалық және кешенді  дамуын,этносаралық келісімді,этностар арасындағы  достық пен  бірлікті,өзара  көмекті  ескере отырып дамуда. Халықтар достығы- қазақ  халқының  көңілінің  дарқан кеңдігі, пейілімнің  молдығы арқасында  Қазақстандық   үлгі-ұлтаралық келісім этностардың  татулығына  арқау болып отыр.Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бастамалары өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізу қажет екенін және сондай-ақ жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек екенін айтты.Әрине  Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа-тұс келіп отыр. Қазіргі халықаралық ахуал  Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірақ, заман қаншалықты күрделі болса да, біз бағдарымыздан айнымаймыз. Өткеннен тағылым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз. Осы жолда  жұртымызға, ең алдымен, ауызбіршілік керек. Ақыл мен сабыр, парасат пен ұстамдылық қажет. Біз  әр шешімді мұқият саралап, әр істі  байыппен жасауға тиіспіз.       

Отаншылдық рухы жоғары ел  көздеген мақсатына  қалайда жетеді. Біздің мұратымыз – Жаңа Қазақстанды құру басты кірпіш болып табылады.                                                                                     

Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен еліміздің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Мемлекет басшысы кезекті халыққа Жолдауында: Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға  сенеміз. Әрбір азаматтың конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Мемлекет  әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе  әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның  осындай ел болғанын қалаймын деп баса айтқан болатын.                                                          

Мақсатқа жету үшін  әрбір адам және бүкіл қоғам және құндылықтарымыз  түбегейлі жаңаруға тиіс. Ол үшін  бізден жоғары жауапкершілікті, елімізге және бір-бірімізге деген  жанашырлықты талап етеді. Жаңа Қазақстан құру бәрі өз қолымызда. Сондықтан бір кісідей бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып  жаңа Қазақстанды құруға бір кісідей ат салысайық ағайын. Халықтың қолдауымен  барлығымыз Жаңа Қазақстан құруға жаңа мақсаттарға  жетеміз деп сенеміз.                                                                                     

Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз.

С. Супьянова,

«Ақ шаңырақ»ЭМБ-нің жетекшісі