Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ҚАРАША АЙЫНЫҢ 19 ЖҰЛДЫЗЫНДА «РАДУГА» АУЛА КЛУБЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ СТУДЕНТТІРІМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ПЕН ДОЙБЫ БОЙЫНША САЙЫСТАР ӨТТІ.

Сайысқа Саран қаласындағы жалпы білім беретін мектептерде оқитын 15 жұп шәкірт қатысып, бақ сынады.

Күні бүгінге дейн «Радуга» аула клубында салауатты өмір салтын насихаттау және  ұлттық салт дәстүрді ұстану мақсатында «Тоғызқұмалақ» ойыны қолдау табуда. Дәстүрлі шара достық қарым-қатынасты нығайту мен жасөспірімдердің спорт шеберлігін шыңдауға бағытталып отыр дейді шара ұйымдастырушылары.

«Тоғызқұмалақ» ойынының тарихы 4000 жыл бұрын басталған. Ойын жоғары интеллектуалды спорт түрлеріне жатады. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның ертеде пайда болғанынан хабар береді. Жалпы «Тоғызқұмалақ» ойыншының жылдам ойлауына, есептеудің түрлі тәсілдерін меңгеруіне ықпал етеді және бабаларымыздың осал адамдар болмағанына көз жеткізеді. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойын мақсаты - ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.

Өте қызықты, бәсекелестік тұрғыда ұйымдастырылған ойын өз ережесіне сай айналыммен өткізілді. Сылайша жоғары деңгейде ұйымдастырылған ойын өз мәресіне де жетті. Нәтижесінде Айшат Қайыржанқызы бірінші орынды қанжығасына байласа, Нұрдина Болатова 2 орынды, ал Дос Хасан 3 орынды иеленді. Барлық қатысушыларға марапат хат, естелік сый-сияпаттар табысталды.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ