Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілі - дүниедегі ең бай, кестелі тілдің бірі. Қазақ тілінде жазылған керемет туындылар қанша, жылытатын, жұбататын жырлар қаншама. Қазақ халқының бойына сіңген ата - бабаларымыздың тәлім - тәрбиесі, үлгі - өнегесі, біздің аршыл, ел намысын сақтайтын тұлға болып қалыптасуымызға себепкер болғаны, үлкен үлес қосқаны байқалатыны анық.

Тәуелсіз елімізде өмір сүретін барлық ұлттарға мемлекеттік тілді үйренуге толықтай жағдай жасалған.  Саран қаласында тілдерді дамыту орталығы ересек тұрғындарды мемлекеттік тілді үйрету үшін үш алық курс ұйымдастырады. Аталмыш курсқа біздің мекеме, яғни Саран қаласының техникалық колледжінің де қызметкерлері де курстан өтіп, емтихан тапсырып, А1 (қарапайым), А2 (базалық) деңгейдегі сертификатқа ие болды. Сонымен қатар курстан өткен қызметкерлер қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында қыркүйек айында өткен ҚАЗТЕСТ-ке қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Жалпы кез келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа талаптармен толығып отыратыны ақиқат. Жәнеде барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген. Ал, біздің «Тіл туралы» заңымызда «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық жоспар құрылып, жоспар бойынша іс-шаралар жоғары деңгейде жүзеге асады. Жыл сайын қазақ тілі апталығы өтеді. Апталық барысында мемлекеттік тілді оқытуда студенттердің қызығушылықтарын арттыру мақсатында қазақ тілі және ағылшын тілі пәндерінің оқытушыларының арасында тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел дәстүрлі түрде өтіп тұрады. Бізідің заманауи ұстаздар өздернің сабақта қолданатын  LearningApps, Kahoot, Quizlet, Wordwall, Quizizz, ClassFlow, Book Creator сияқты заманауи онлайн сервистерімен бөліседі.

Қалалық «Саран газеті» газетінде «Мемлекеттік тіл саясаты» айдары тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы айдарда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі материалдар, өткізілген іс-шаралар жарияланып тұрады.

Жаңа оқу жылымен тұспа-тұс келетін Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында колледжде оқытушылар мен студенттердің қатысуымен үлкен іс-шара өтеді. Студенттеріміз мемлекеттік тіл саясатын іске асыру мақсатында жүргізіліп тұратын қалалық іс-шараларға да белсене қатысады.

 Сөзімді қорыта келе, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Олай болса, әлем таныған ел болу үшін, тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Г. Рыспаева,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы                                                                                                               КММ «Саран техникалық колледжі