Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1 оқу мәселесі бойынша медициналық мекемедегі жұмыс орнындағы өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтау, өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар, қауіпсіз эвакуация тақырыптарына сабақ өткізілді. Объектінің кезекші персоналымен өрт туралы хабарлау схемасын пысықтады, өртке қарсы қызметті шақыру тәртібі, өрт туралы ескерту жүйесін қосу тәртібі,  автоматты өрт дабылы жүйесінің жұмыс принципімен оқу жаттығулар өткізілді. Объектінің өртке қарсы жағдайының жауапты тұлғаларымен бастапқы өрт сөндіру құралдарын қолдану бойынша сабақтар өткізілді  (өрт  сөндіргіштер, өрт крандары).

 Шартты өрт ошағына өрт сөндіру құралдарын  беру әдістерімен таныстырылды.

2 оқу мәселесі бойынша тұрмыстағы электр аспаптарын, жылыту жүйесін, газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтауының қажеттілігі мәлімделінді.  Онымен қатар төсекте темекі шегуіне, ашық от қолданылуына жол берілмеуі және т. б. мәселелері айтыла кетті. Сабақ соңында Денсаулық сақтау объектілері мен Саран қаласы және Ақтас кентінің профилактикаланатын аумағындағы өрттік жағдайы жеткізілді. Барлық қатысушыларға жадынама түрінде ұсыныстар таратылды және өртке қарсы тақырыптағы бейнероликтерді көрсетілді.