Құрметті Саран қаласы мен Ақтас кентінің тұрғындары! 2022 жылдың маусым айынан бастап Саран қаласы және Ақтас кентінде
30 градустан жоғары алкогольдік өнімдерді кешкі 21:00 ден бастап, күндізгі 12:00-ге дейін,
30 градустан төмен алкогольдік өнімдерді кешкі 23:00-ден бастап, таңертеңгі 08:00-ге дейін дейін, 21 жасқа толмаған адамдарға сату фактілері жиілеп кетті.
Бұл бұзушылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік бұзушылықтар туралы кодексінің 200-бабымен регламенттеледі, онда 10 АЕК-тен 180 АЕК-ке дейінгі айыппұл, лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе одан айыру сияқты жазалау шаралары көрсетілген.
Алкоголь өнімін сататын кәсіпкер, сатып алушыдан жеке басын куәландыратын құжатты талап етуге құқығы бар, сондай-ақ өнімді сатудан бас тартуға да құқылы.
Осы бағыттағы жұмыс жандандырылуда және Саран қаласының ПБ басшылығының қатаң бақылауында, осыған байланысты азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауға, алкогольді өнімдерді заңмен белгіленген уақыттан кейін, 21 жасқа толмаған адамдарға сатпауға, сондай-ақ қоғамдық орындарда алкогольдік өнімдерді ішпеуге шақырамыз!