Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып, салт дәстүрін қайта жандандыру этно мәдени қоғамдық  бірлестігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  2001 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. 2012 жылы  тұрақты тіркеліп 700 мың Облыс әкімінің грантына ие болды.

Осы  бағытта ұзақ мерзімді  даму бағдарламасы бар, сонымен бірге осы бағдарлама барысында қазақ халқының  салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттап, Ақтас кентінің тұрғындарына театрландырылған көрініс арқылы сомдап, ән мен күйден шашу шашып, рухани байлығын дамытып келеді.

«Ақ шаңырақ» этномәдени бірлестігінде   мынандай көркемөнерпаздар ұжымдары  жұмыс істейді: «Ақ әже» вокал тобы , құрамын жасы 50 мен 76 аралығындағы ақ жаулықты әжелер құраса, «Гүлдерай» вокал тобын жас ұстаздар тобы, «Қарлығаш»  балалардың вокал тобтарының  құрамын 7 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрайды. Шығармашылық  ұжымдарының  репертуарларында қазақ халқының өлеңдері, қазақ сазгерлерінің әндері  мен өзге де ұлт өкілдерінің әндері бар.

Осы  жұмыс істеген уақыт ішінде  «Ақ шаңырақ» қоғамдық этномәдени бірлестігі «Достық шаңырағы» атты   облыстық ұлттар фестиваліне қатысып, қазақ халқының өнерімен өзіндік ерекшелігі бар ұлттық көрмесімен таныстырып, қазақ халқының салт дәстүрлерін көрермендер назарына ұсынып және  кент тұрғындарын қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен таныстырып  отырды. Бірлестікте қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге көп көңіл бөлінеді. Бұл жұмыстың маңызды басымдықтарының бірі ұрпақтар сабақтастығы болып табылады.

Сонымен бірге  «Ақ шаңырақ» ұлттық мәдени бірлестігінің әншілері Бақытжанова Аида Халықаралық «Ақ көгершін» балалар конкурсына қатысып, дипломант атағын алса, Шаймұрат Жансая вокал конкурсына қатысып «Көрермендер көзайымы» номинациясына ие болды.,облыстық, қалалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

«Ақ шаңырақ» қоғамдық мәдени бірлестігінің  жетістіктері де аз емес, атап айтсақ қалалық, облыстық фестивалдары мен конкурстарының дипломанттары. Татулығы жарасқан  «Якташлар» татар-башқұрт этникалық тобы мен «Русская песня» хорымен бірлесе жұмыс жасап достық пен ынтымақтастықты арттыра отырып Саран қаласының әкімі  М.Смагуловтың «Достық шаңырағы» атты номинациясына ие болды.      Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейту  мен  дамыту бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілді   насихаттауда наурыз айынан бастап қашықтықтан жұмыс жасауда  көптеген мәдени шаралар атқарылды:  «Біз үйдеміз», «Ән айтуды сүйемін», «Сенде үйде отыр» , «Карантинде маска тағып жүру керек» т.б.  Қазақстан халқының Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына «Ынтымағы жарасқан қазақ елі»  атты  «Ақ шаңырақ»ЭМҚБ онлайн құттықтауы ,Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейлі тойына арнап «Ұлы Абай» әдеби музыкалық сағат , «Әль Фараби әлемі» атты әдеби дайджест онлайн режимде өтті. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған байқауларға «Қарлығаш» вокал тобының қатысушылары Медеуқызы Азиза, Құсайынова Лунара, Жақанша Дінмухамед қатысты.

Халықаралық балалар мерекесіне арналған фестивальға арнап «Сурет салу» сайыстарына Ақбаева Гауһар,Бексеитова Аяулым  қатысып жүлделі 1,2 орынға ие болды.

«Еріктілер» аясында «Ақ шаңырақ» қоғамдық мәдени бірлестігі Қарағанды облысы, Саран қаласының блокбастағы дәрігерлер мен күзет қызметкерлерін1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай және  пандемия кезіндегі ерен еңбектеріне ризашылықтарын білдіріп, қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.

2015-2020 жылдары жетекші Супьянова Света Жолдыбаевна Қарағанды қоблысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломымен марапатталып, «Көркем өнерпаздар  ұйымының үздік  жетекшісі» номинациясын иеленді және Саран қаласының әкімінің «Құрмет грамотасымен», Ассамблеяның Алғыс хатымен марапатталдым. Енді Алла қолдап,  Облыс әкімінің сыйлығын алсам ба деген арманым да жоқ емес.

2019 жылы  «Ақ әже, аталар» вокал тобы «Өнерім-өмірім» атты облыстық аталар ,әжелер шығармашылық фестиваліне қатысып 3 орынға ие болса,2020 жылы онлайн облыстық фестиваліне Мұсабеков Амангелді аға  жеке орындаушы номинациясы бойынша  56-90  жас аралығындағы байқауға қатысып 2 орынға ие болды.      

 2022 жылы  «Ақ әже,аталар» вокал тобы «Өнерім-өмірім» атты облыстық аталар ,әжелер шығармашылық фестиваліне қатысып Бас жүлдеге ие болды.

Тілімізді байытып ұрпақтан –ұрпаққа қалдыру әр Қазақстандықтың міндеті мен парызы  деп есептеймін. «Аталы сөз - баталы сөз»  демекші тілге жанашырлықпен қарап, тіліміздің мәртебесін бірге көтеріп, мәдениетімізді, тілімізді қадірлеп-қастерлеу мақсатында өнерден шашу шашып, көрермендер көңілінен шығып жүрген  «Гүлдерай» вокал тобы  ұстаздар қауымын мақтанышпен айта аламыз.

Сонымен атар «Ақ шаңырақ» ұйымында «Қарлығаш» балалар вокал тобы  облыстық, қалалық, кенттің мәдени іс-шараларына белсене қатысады. Қайыржан Нұрсұлу Астана  қаласында өткен Халықаралық өнер фестивалына қатысып БАС ЖҮЛДЕге ие болды. «GRAVITY» Балалар шығармашылығының халықаралық фестиваль-сайысына қатысқаны үшін  Алмасқызы Аруан, Қайыран Нұрсұлу 2 орынға ие болды. Каштаева Ұлту  «Мы ищем таланты» -1 орын, «Шоқжұлдыз» республикалық балалар мен жастардың шығармашылық байқауына қатысып 1 орынға ие болды. «Жұлдызды сәт» Халықаралық өнер байқауының  «Көркем сөз» номинациясы бойынша суырылып алға шыққан Құсайынова Лунара 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Ақ шаңырақ»  қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін қайта дамыту қоғамдық этномәдени бірлестігінің  мақсаты - әр қазақстандықтың әл-ахуалын, саламатты өмір сүруге, жастардың патриоттық сезімдерін ояту, өмірдің деңгейін жақсартуға жыл сайынғы Президентіміздің  жолдауындағы ережелерді негізге ала отырып , бірлестіктің  барлық жұмысын көпұлтты  қоғамның бірлігін сақтап, тату-тәтті  өмір сүру,  және әділетті Қазақстанды бірге құруда Отанға адал еңбек ету.                        

С. Супьянова,

Ақтас кенті, «Ақ шаңырақ» қазақ халқының әдет-ғұрып,

салт-дәстүрін қайта дамыту қоғамдық этномәдени бірлестігінің бірлестік  жетекшісі