Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

БҰЛ КҮНДЕРІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МЕН БҮКІЛ ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНІҢ АЯСЫНДА АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТАМАША ТҰЛҒАСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰДІРЕТТІ БЕЙНЕСІНДЕ БҰРЫНҒЫДА ДА ЖАРҚЫРАП КӨРІНУДЕ.

«Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана, Қазақтың қос арысы, қос данасы, Қалайша бас имессің оған сірә», - демекші, Абайды әлемге танытқан, сонысымен өзі де әлемге танылған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлан-ғайыр мұрасы зәулім көркем ғимарат іспетті, оның ішкі жиһазының сыр-сипатын білу, тану, рухани азық ету әлі талай жылдар мен ғасырларға созылады.

Жуырда шаһардағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Абай даму альянс мектептерінің жоспары бойынша және Мұхтар Әузовтың 125 жылдығы аясында «Абай мен Мұхтар әлемі – мәңгілік мұра» атты облыстық семинар өтті. Саран қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен айшықты шараның көздеген мақсаты - Абай мен Мұхтар мұраларының өміршеңдігін насихаттаудағы пән мұғалімдерінің озық тәжірибелерін тарату болды.

Іс-шараға Қарағанды облысындағы Абай есімін арқалаған мектептердің пән мұғалімдері мен бірінші басшылары қатысты. Семинар барысында өңір ұстаздары тақырып төңірегінде баяндамалар жасап, өз-ара тәжірибе алмасты.

Семинар шымылдығы аталған білім ошағында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып талай жылдар қатарынан еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз Орынтай Баймағамбетованың жетекшілігімен Абай атындағы мектеп оқушылары ұйымдастырған «Абай, Мұхтар – қос кемеңгер» атты әдеби-драмалық сахналық қойылыммен түрілді.

Одан кейін облыстық семинар «Бірлескен жұмыстар» деп аталған шараның І бөлімімен жалғасын тапты. Онда ооблысымыздың пән мұғалімдері бірлескен жұмыстар жасады. «Адамзаттық Абайы» атты шеберлік сабағы ұйымдастырылып, Абай шығармаларында белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудың түрлі әдіс-тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, бірінші бөлімде «Қос дәуірдің қос шежіресі» тақырыбында өткен іс-шарада кітап жарнамалаудағы үштік одақпен оқыған кітаптар жарнамаланды. Яғни, онда қатысушылар ата-ана, оқушы, мұғалім болып түрлі жұмыстар жасады. Бұдан бөлек, дебат ұйымдастырылып, онда қатысушылар «Көксерек повесіндегі адамдар әрекеті дұрыс па?» тақырыбы бойынша пікір таластырды.

ІІ бөлім «Ынтымақтасқан жұмыстар» деп аталды. Бұл бөлімде Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аққу Муфталова мен аталған білім ошағының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бақытжамал Қасымованың жетекшілік етуімен колледж студенттері ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтың «Қаракөз» шығармасынан қойылым көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар бағыты бойынша «Ұстаз – мәртебелі мамандық» атты шеберлік сабағы өтіп, онда ұстаздар өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасты.

Ал семинардың ІІІ бөлімінде «Абай мен Мұхтар әлемі – мәңгілік мұра» атты көрме ұйымдастырылды. Онда Мұхатар мен Абайдың кітаптары, шығармалары, мұралары насихатталды.

Соңғы ІV бөлім «Өнегелі өмір» облыстық жобасы аясында өтті. Онда талай өмірін ұстаздық еткен, ардагер ұстаз Балкен Темірбекқызымен кездесу болып өтті.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ