3 желтоқсан күні өте маңызды үлкен оқиға болды. «Ақ шаңырақ» этномәдени қоғамдық бірлестігі 20 жасқа толды
Бұл біздің ұжымның жиырма жыл ішінде жетістікке жеткен үлкен шығармашылық жолы. Концертті 5 канал арнасы келіп түсірді. Осы кеште Саран қаласы мен Ақтас кенті әкімдері, «Саран қаласы ішкі саясаты бөлімі» ММ, «Қазақ тілі» қоғамы қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысы Саран қалалық филиалының төрағасы және Ақтас мәдени-сауық орталығының әкімшілігі мен «Якташлар « татар башқұрт тобы мерейтоймен құттықтап, қатысушыларға грамота мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыстады. Мереке жерлестеріміздің жүрегінде өшпес із қалдырған мерейтойлық концертпен жалғасты.Мұның бәрі осы ұжымның жетекшісі С. Супьянованың көп жылдық еңбегінің арқасында өткен концерт.Біз осы ұжымның мерейтойына ат салысқан жандарға алғысымыз шексіз.Еңбектеріңіз жана берсін.
Ақтас мәдени-сауық орталығының баспасөз орталығы