Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысында 15 жыл бойы жас мемлекеттік қызметшілер мектебі өз есігін айқара ашуда. Бұл жоба жастар арасында мемлекеттік қызметті насихаттауға және мемлекеттік қызметке ең дарынды және перспективті мамандарды тартуға бағытталған.

Жобаны іске асыру бірнеше кезеңнен тұрады: жобаға құжаттарды қабылдау, іріктеу, оқыту және тағылымдамадан өту.

Мектеп маусымының салтанатты ашылуы 2022 жылғы 28 қазанда Департамент басшысының орынбасары Абылайхан Наурызбаевтың, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Серікжан Байбосыновтың, Жастар саясаты басқармасының, «Жұмысшы жастар одағы» ҚБ, университеттер мен мектеп тыңдаушыларының қатысуымен өтті.

Биыл жобаға 21 тыңдаушы қатысты. Олардың қатарында А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің және Қарағанды индустриялық университетінің студенттері бар.

Олар тестілеу, эссе жазу арқылы қиын конкурстық іріктеуден өтті және жақсы нәтиже көрсетті.

Бүгінгі таңда жас мемлекеттік қызметші мектебінің тағылымдамадан өтушілері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жаңа моделі» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалында оқыды. Оқу аяқталғаннан кейін оларға сертификаттар берілді.

Қазіргі уақытта жобаға қатысушылар Қарағанды, Теміртау, Бұқар - Жырау және Осакаров аудандары әкімдерінің аппараттарында, мемлекеттік кірістер департаментінде, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментінде, облыс прокуратурасында, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде тағылымдамадан өтуде. Жоба аяқталғаннан кейін мектептің тағылымдама өтушілеріне  дипломдар мен алғыс хаттар беріледі, олардың кейбіреулері ғана «Жас мемлекеттік қызметші мектебінің түлегі» атағына ие болады.

Жас мемлекеттік қызметші мектебі келешегі зор жастар мен мемлекеттік аппараттар арасында көпір болуға арналған. Бұл мектептің миссиясы мемлекеттік қызмет үшін жоғары білікті, құзыретті, перспективті, талантты кадрларды даярлауда, бұл кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудың негізгі факторы болып табылады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта 300-ден астам қатысушы тағылымдамадан сәтті өтті, олардың көпшілігі қазіргі уақытта мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті