Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Тәуелсіздік   алғалы бері   қоғамдық   қызу талқылаудың тақырыбына  арналған  басты   мәселенің  бірі – тіл мәртебесі. Президент   алғашқы   жолдауында   қазақ   тілінің қолданыс ауқымын   кеңейту мәселесіне ерекше тоқталды. Ол, қазақ  тілінің   мемлекеттік  тіл  ретінде рөлі күшейіп, ұлтаралық   қатынас тіліне айналатын кезеңі келді. Бірақ   бұндай дәрежеге   жету   үшін  бәріміз  даңғаза  жасамай, жұмыла  жұмыс   жүргізуіміз  керек  деді.

Тіл мәселесінің  ар жағында ел мен жер болашағы тұрғанын жадымызда ұстаған абзал. Тілге қатысты талаптар жүзеге асырылуы керек, солардың ішінде ең бастысы, мемлекеттік ұйымдардың іс қағаздары тек қана қазақ тілінде жүргізілуі қажет.

Әр  халық  үшін  өзге  тілде  сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау және тілге  немқұрайлы  қарау  қауіпті. Мұстафа  Шоқайдың «Бала қай тілде білім алса, түбі  сол  ұлтқа қызмет етеді» деген  нақыл сөзіне сүйенсек, бұл мәселе туралы  терең  ойлануымыз керек. Әр мемлекеттік  мекеме қызметкерлерді жұмысқа   қабылдағанда  мемлекеттік тілді жетік білу керектігін ескерсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сонымен қатар, әр өткізілетін  жиналыстар  мен  отырыстар  тек  қана қазақ  тілінде  жүргізіліп, хаттамалар  мен  қажетті құжаттар қазақша  толтырылса, тілге деген  көзқарас  бірден өзгеретіні  анық.

Мемлекеттік қызметте қызметкерлердің  жұмыс барысында, қазақ тілін қалай   қолданатыны  мен  тілді білу деңгейіне назар аудару қажет. Ол  үшін  азаматтардың   ұлттық  рухы  мен  отаншылдық   сана – сезімін   күшейтуге бағытталған  шаралар,  жиі ә рі  үздіксіз жүргізілсе, оң әсерін тигізер еді.

Қазақ елі сөз қадірін  түсінетін, білетін  халықтың  ұрпағымыз. Тілімізге  құрмет  көрсету арқылы  халқымызға   жанашыр  болып, адалдығымызды  аңғартамыз деп ойлаймын.

Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның   құзіретін  іс жүзінде нығайту  бәрімізге артылған жауапкершілік жүгі, барша қазақстандықтардың ортақ  ісі. Отбасымыздан бастап, ел басындағы азаматтарға дейін,  тілдік құндылығымызды   арттыру  керек  екендігін  естен  шығармағанымыз жөн.     Яғни, бұл   үрдісті   жеделдету үшін, қолымызда  бар   ресурстарды, мүмкіндіктерді   пайдалана  отырып, баршамыз  бір  кісідей  атсалысуымыз қажет.

Ж. Джумашева,        

Саран  қаласы  ПБ