Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Баршаларыңызды мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!

Тәуелсіздік күні - Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін ұлттық бірлік пен ортақ азаматтық жауапкершіліктің символы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс», - деп қадап айтқан болатын.

Жылдан жылға біз бірлескен күш-жігермен Саран қаласы мен еліміздің даңқты шежіресін табысты жетістіктермен толықтырып келеміз.

Кеншілер, құрылысшылар мен жолшылар, кәсіпкерлер, дәрігерлер мен мұғалімдер, мәдениет қызметкерлері мен спортшылар, еңбек ардагерлері мен жастар, қоғамның түрлі салаларындағы еңбекқор адамдар Тәуелсіздіктің берік мызғымас қамалына айналды.

Сізге және Сіздің жақындарыңызға бейбітшілік, жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық, еңбекте табыс және тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

Еліміз нығая берсін, Қазақстанымыз өркендей берсін!