Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!

Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

Өтіп бара жатқан жыл ел үшін үлкен жетістіктер кезеңі болды, кез келген қиындықтарды жеңу үшін күш-жігер, сенім мен қуат берді. Біз маңызды саяси оқиғалардың куәгерлері атандық. Сонымен қатар, бұдан әрі де біз Мемлекет басшысының басшылығымен Отанымыздың игілігі үшін жасампаз істерді жалғастыра бермекпіз.

Рухани жылулық пен ерекше атмосфераға толы осы сиқырлы жаңа жыл күндері баршаңызға біздің өңірдің өміріне белсене араласқандарыңыз үшін, қолдауларыңыз, түсіністіктеріңіз, жасампаз еңбектеріңіз және туған өлкеге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Бірер күндерден соң 2023 жыл табалдырықтан аттамақ, бұл дегеніңіз - біздер мен сіздер үшін жаңа істер, қызықты жобалар мен жетістіктер уақыты болмақ және солай болады деп сенеміз, үлкен үміт артамыз. Сол себепті де, Біздер мен Сіздердің барлық бастамаларымызға сәттілік тілей отыра, келе жатқан Жаңа жыл сәтті әрі бейбіт болсын дегіміз келеді.

Биылғы жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылына айналсын. Әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін. Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын!