Күн санап артып келе жатқан қылмыс түрлерінің ірі – ұрлық . Осындай қылмысқа баратындар көбіне жұмысы жоқ, табыс көзі жоқ, оңай жолмен олжаға кенелгісі келетіндер. Ұрлықтың өзі әрқилы жасалады: біреуі ұсақ – түйек нәрсені ұрлап кетсе, екіншісі біреулерді алдап, ұрлайды, үшіншісі көлемді ұрлықтарға барады.
Көлеміне, түріне, сипатына қарамастан ұрлықтың аты ұрлық, ол – қылмыс және оның жазасы қатал. Осының салдарын біле тұра бұл қылмыс тыйылмай тұр. Бұның себебі неде? Мүмкін заңды қатаңдату керек пе?
«Коммунизмді құрамыз деп жүргенде, коммунизм өтіп кетіпті ғой» деген үлкендердің сөзін жиі еститінбіз. Шындығында ол заманда етекті кеңге жайып, жағамыз жайлауда болған. Кәзір заман да басқа, талапта күшейтілген. «Екі қолға бір күрек » кезеңі өтіп кеткен, өз өмірің өзіннің ғана қолында. Жұмысың, тұрақты табыс көзің болса, орташа өмір сүруге болады. Ал жұмысы жоқтарға әрине өте қиын. Міне, осының салдарынан адамдар неше түрлі айла әрекеттерге барады, тіпті қылмыс жасауды да жатсынбайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс қимылды күшейту мақсатында арнайы бағдарлама бекітілген. Кәзір үйлердің, мекемелердін көбісінде пластикалық терезелер қойылған, ал бұл терезелерді бұзбай – ақ ашу ешқандай қиындық келтірмейді екен. Қалың жұрт жұмыста болған уақытты пайдаланатын ұры – қарылар , өз айлаларын еркін түрде жүзеге асырады.
Осындай ұрлықтардың алдын алу мақсатында қауіпсіз аулалар құру шаралары, жарықтандыру, қоршау орнату, рұқсатнама талаптарын енгізу әрекеттерін жүзеге асырып, бейнебақылау камераларын орнату қажеттілігі жайында Саран қаласының полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тарапынан шағын және орта бизнес өкілдері мен тұрғындар арасында ескерту, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің және криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері халықпен жиі кездесіп, ұрлық оның ішінде, бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай – ақ интернет – алаяқтықтар туралы түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде. Қоғамдық көліктерде, «Оптима» сауда орталығында жеке басының мүлкіне сақ болу туралы дауыстама хабарламалары жиі беріліп тұрады. Сақтану мен сақтық шаралары кәзіргі уақытта кеңінен таралған. Теріс пиғылды жандардың әрекетінен сақ болу үшін, барынша өзіңіз бен жақындарыңызды сақтап жүру ең басты шарт.
Ж. Джумашева,
Саран қаласының Полиция бөлімі