Бүгін: 24.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғашқы шарттарының бірі – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі  және  соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.

Іс қағаздарының, ресми  құжаттардың  тілі  бір  жүйеге түспей, стильдік   жағынан  қалыптаспай, мемлекеттік  ресми  құжаттардың  барлығы   алдыменен  қазақ тілінде  жүргізілмейінше,  қазақ тілінің қолданыс   аясы, даму өрісі  кеңейе  алмайды.

Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихтарын жазғанда іс қағаздары  ақпараттың  табылмас  қайнар көзі бола алады.  Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Іс  қағаздарын   жүргізу – басқару үрдісінің  ажырамас  бөлігінің бірі. Мекемелер  арасындағы ақпараттар, алмасу хат,  жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің  басқару  істері  Жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты құжаттарымен, деректектермен реттелген, дәйектелген жүйесі.

Бұрындары қазақтар саны басым алыс аудандарда ғана іс қағаздары қазақша жүргізіліп келгені мәлім. Қазіргі  таңда республикада  мемлекеттік органдар  іс  қағаздарын  мемлекеттік  тілде  жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып   жатқан іс. Бұл істердің оп – оңай орындалып, бір күнде қалыптаса  қалмайтыны белгілі. Осыларға байланысты мәселелер де жетерлік. Олардың бірі – мемлекеттік  қызметшілердің  ана тілінде  еркін  сөйлеп, жаза  алмайтындықтары.   Ал орыс тілді кез – келген маман  орыс  тіліндегі  ресми  құжаттарды  еркін  жазып  шығады. Бұның себебі, біріншіден, тілді  жетік  меңгергендіктері, екіншіден  орыс тілінде іс қағаздары  ғасырлар  бойы  уақыт  тезінен өтіп, әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған.  Оларда  бұл  дәстүрлі  мектеп.    Біз де  қазақ  тіліндегі  іс қағаздарын  осындай  дәрежеде  көтеруіміз  қажет.  Екінші мәселе – қазақ тіліндегі іс қағаздарын жүргізуге байланысты  оқулықтар, оқу   құралдары, сөздіктер, іс қағазының үлгілері өте аз,  жоққа тән  десе де болады. Үшінші мәселе – жоғары оқу орындарында да, арнаулы оқу орындарында  да  іс қағаздарын  қазақша жүргізуге байланысты пән, арнаулы  курс  бағдарламалары    енгізілмеген. Сондықтан да оқу орнын аяқтаған мамандар өндіріске  немесе мемлекеттік органдарға  іс қағаздарын

Іс қағаздарын қазақша жүргізу – мемлекеттік тілдің жүзеге   асуының  нақты көрсеткіштері.

Ж. Джумашева,  

 Саран  қаласының Полиция бөлімі