Ұлт мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде , ұлттың, өзінің болашағы ана тілінің дамуы, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты.
Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз делінген. Расында да, тілдің мәселесі – ол ұлттың мәселесі. Сол себепті, қазіргі таңда мемлекеттік тілдің мерейін асыру мақсатында еліміздегі барлық мемлекеттік қызметте қажырлы жұмыс атқарылуда, барлық мемлекеттік органдарда іс жүргізудің мемлекеттік тілде қалыптасуына үлкен мән берілуде.
Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады. Мемлекеттік тілді дамытуда әр сала өз үлесін қосулары керек. Бұл тарапта Саран қаласының Полиция бөлімі де мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оны одан әрі дамыту бағытында өз үлестерін қосып жатыр. Кез–келген мемлекеттің дамып, өсіп – өркендеуі үшін ішкі тұрақтылық, заңдылық , бұлжымай сақталуы қажет. Заң талаптары мен әділдік үстемдік құрған қоғамда ғана ілгері даму болады. Бұл – өмірдің өзі дәлелдеген, талас тудырмайтын ақиқат. Мұны біздің дана халқымыз «Қылмыс түзелмей, тұрмыс түзелмейді» деген бір – ақ ауыз сөзбен түйіндеген. Демек, ішкі істер органдарындағы қызмет оңай емес, толықтай өзін арнауды қажет етеді. Осындай күрделі жұмысты өздеріне жауапкершілік етіп алған Полиция бөлімінің полицейлері барлық мемлекеттік органдармен, бағынысты бөлімшелер және мекемелермен хат алмасуды мемлекеттік тілде жүргізуде. Әр қызметкер өзіне тиесілі құжаттарды өз бетімен мемлекеттік тілде дайындайды, немесе орыс тілінен аударады. Мемлекеттік тілде әзірленген әрбір құжатқа, бөлімнің Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының арнайы маманы редакциялық сараптама жүргізеді.
Сондай – ақ, мемлекеттік тілдің барған сайын ауқымын кеңейтуге, тілдің ресми қолданысы мен мәртебесін көтеруге байланысты көптеген ауқыды жұмыстар атқарылуда.
Тәуелсіздіктің тәтті жемісі – мемлекеттік тіл!
Туған тілдің тұғырын көтеріп жүрген қырағы полицейлеріміз барда, еліміз бейбітшілікте мәңгі жасай бермек!
Ж. Джумашева,
Саран қаласының Полиция бөлімі